Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады

cover Фото: Ақорда

Премьер-министр президентке елдің әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуы туралы ақпарат берді, деп хабарлайды Orda.kz.

Биыл қаңтар-ақпан айларында экономиканың өсімі 5,4% болды.

Cондай-ақ, премьер-министр президентке ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында Мемлекет басшысы жүктеген ірі инфрақұрылымдық және энергетикалық жобаларды іске асыруға, цифрландыру мен адами капиталды дамытуға қатысты міндеттерді орындау үшін қабылданып жатқан шаралар туралы да ақпарат берді.

Президент премьердің өзі жетекшілік ететін су тасқынына қатысты іс-шаралар жөніндегі есебін тыңдады. Бектеновтің айтуынша, жағдай тәулік бойы бақылауға алынып, 37 мыңнан астам қызметкер мен 13 мың техника дайын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар