Каспий тартылып барады: апат ауқымы нақты белгілі

cover Фото: Pixabay

Саяхатшы-блогер Нұркен Тәжібай Каспий теңізінің бірнеше жыл бойы түсірілген кадрларын жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.

«Save Caspian Sea», (Каспийді құтқарайық -ред) деген жазуы бар видеоға қарағанда, таяздану ауқымы өте аянышты.


Ақтаудағы теңіз портының президенті Абай Түрікпенбаев атап өткендей, өткен жылы Каспий теңізі 15 сантиметрге тартылды, ал оған дейін үш жыл қатарынан 20-25 см-ге дейін таязданып отырған. Бұрын мұндай ауқымды таяздану еш байқалмаған.

Әсіресе соңғы жылдары Каспий теңізіндегі су деңгейінің төмендеуі қатты байқалады. Экологтар бұл процестің негізгі себебі климаттың өзгеруі мен адамның қоршаған ортаға тигізетін әсері дейді. Сарапшылар алдағы онжылдықта Каспий теңізі тез таязданып, бұл аймақты экологиялық апатқа әкелетінін айтып дабыл қағуда.





Nature Communications Earth & Environment журналында жарияланған неміс және голланд ғалымдарының зерттеуіне сәйкес, 2100 жылға қарай Каспий теңізі тағы 9-18 метрге таязданып, экологиялық проблемалар туындайды.


Айтпақшы, процесті тоқтату мәселесі бойынша сарапшылардың пікірлері әртүрлі. Кейбіреулер мәселеге назар аударып, су ресурстарын ұқыпты пайдалану жағдайында мәселені өзгертуге болады деп есептесе, басқалары бұл процестің қайтымсыз екеніне сенімді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар