Кәсіпкер Нұрлан Смағұлов пен Айдын Рахымбаев әлемдік миллиардерлер тізіміне енді

cover Фото: Ашық дереккөзден

Халықаралық Forbes басылымы 2026 жылға арналған әлемдік миллиардерлердің жыл сайынғы рейтингін жариялады. Жаңартылған тізімге алғаш рет Қазақстаннан екі кәсіпкер — Нұрлан Смағұлов пен Айдын Рахымбаев енді, деп хабарлайды Orda.kz.      

Басылымның бағалауынша, Нұрлан Смағұловтың байлығы 1,3 млрд АҚШ долларына жеткен. Бұл көрсеткіш оған әлемдік рейтингте 2858-орынды иеленуге мүмкіндік берді. Бұған дейін Forbes Kazakhstan жасаған 2025 жылғы Қазақстандағы ең бай 75 кәсіпкердің ұлттық тізімінде ол 990 млн доллар байлықпен 8-орында тұрған болатын.

Айдын Рахымбаевтың байлығын Forbes 1,1 млрд АҚШ доллары деп бағалайды. Әлемдік миллиардерлер рейтингінде ол 3185-орынға жайғасқан. Ал Forbes Kazakhstan нұсқасы бойынша 2025 жылғы Қазақстанның ең бай 75 кәсіпкері рейтингінде ол 967 млн доллар капиталымен 10-орында болған.

Forbes нұсқасы бойынша әлемдегі ең бай миллиардерлер рейтингін екінші жыл қатарынан Илон Маск бастап тұр. Tesla және SpaceX иесінің байлығы 839 млрд доллар деп бағаланған.

Екінші және үшінші орындарға Ларри Пейдж пен Сергей Брин ие болды.

Оқи отырыңыз:



Жаңалықтар

барлық жаңалықтар