Қашағандағы жөндеуден кейін мұнай өндіру 80% қалпына келді

cover Фото: gov.kz

 28 қазанда Қашаған мұнай-газ кен орны өндірісін толық тоқтатқан жөндеу жұмыстары аяқталды. Жаңа кіріс газ сепараторы іске қосылды, деп хабарлайды Orda.kz Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтей отырып.

«Біз жөндеуге дейінгі деңгейге біртіндеп жетуді жоспарлап отырмыз. 1 қарашадағы жағдай бойынша өндіріс 80 пайыз қалпына келтірілді» делінген хабарламада.


Қашағандағы жөндеу жұмыстары 7 қазанда басталды. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бұның мұнай өндірісіне әсер ететінін айтты. Сәтқалиевтің айтуынша, осы аралықта Қазақстаннан әр тәулік сайын нарыққа шығатын 400 мың баррельге жуық мұнай тоқтап қалған.

Сол кезде ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі жөндеу жұмыстары 30 күнге созылатынын қадап айтқан болатын.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар