Қашағандағы жөндеу жұмыстарының мұнай өндірісіне әсері

cover Фото: Егемен Қазақстан

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қашағандағы жөндеу жұмыстарына қатысты жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды Orda.kz.

Ол жөндеу жұмыстары мұнай өндіруге әсер ететінін растады.


«Қазақстаннан нарыққа тәулігіне 400 мың баррельге жуық мұнай жеткізілмейді, өйткені жөндеу жұмыстарына байланысты біз Қашаған кен орнын толығымен тоқтаттық. Ал тамыз және қыркүйек айларына келетін болсақ, біз өз міндеттемелерімізді толық орындадық», - деді министр АЭС құрылысы бойынша референдумда дауыс бергеннен кейін


Энергетика министрлігімен келісілген  жөндеу жұмыстары 40 күнге жоспарланған. Алайда басқарма басшысының айтуынша, NCOC Қашаған инвесторлық консорциумының басшылығы оны 30 күнде бітіруге тырысамыз деп отыр. Журналистер Қазақстанға Қашағандағы ​​жөндеуден шығын келе ме, деп сұрады.


«Біз ештеңе жоғалтпаймыз, бұл жоспарлы жөндеу. Бұл жөндеусіз кен орны болашақта жұмыс істей алмайды», - деп қосты ол. 


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар