Қаржы министрлігі: жасанды зерде тендердегі ұрлыққа жол бермейді

cover Иллюстрация: DALL-E

Қазақстанда мемлекеттік сатып алу жүйесін жасанды интеллект арқылы автоматтандыру қолға алынады, деп хабарлайды Orda.kz.

Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейілдің айтуынша, тендер арқылы байып кетуге тырысу әрекеті тоқтар емес. Жосықсыз қатысушылар бұрынғысынша бағаны көтеріп, техникалық тапсырмаларды өздеріне қолайлы, нақты бір компаниялардың мүмкіндігіне сәйкестендіреді.

Қазір мұндай бұзушылықтарды ішкі аудит комитеті қолмен анықтайды. Болашақта бұл іспен жасанды интеллект айналысады. Алгоритм тауарлар мен көрсетілетін қызмет бағаларын дерекқормен салыстырады және егер көтеріңкі баға табылса, автоматты түрде хабарлама жібереді. Осыдан кейін тапсырыс берушінің өтінімді қайтарып алып, оны қайта өңдеуіне тура келеді.

«Мысалы, егер жүйе жиһаз құнының нарықтағы бағамен салыстырғанда жоғары екенін байқаса, ол бірден хабарлама жібереді», — деп нақтылады вице-министр.


Оның сөзінше, автоматтандыру адам факторын жоюға және тендерлерге бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді.

Бұған дейін біз алты айда жеті мың конкурс өткізген тендершілер  Қазақстандағы мемлекеттік сатып алу жүйесін бұзып отырғаны туралы жазған болатынбыз. 

Біз назар аударған байқау – «Қытай Халық Республикасының Бейжің қаласында «Қытайдағы Қазақстан туризм жылының ашылуы» ресми іс-шарасына Шымкент қаласы делегациясының қатысуын ұйымдастыру қызметтері». Ол 2024 жылдың наурыз айында ойнатылып, келісім-шарттың жалпы сомасы шамамен 3,4 миллион теңге болған.

Оқи отырыңыз: 


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар