Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады

cover Фото: Envato.com

Қарағанды облысының тұрғындарына коммуналдық қызметтер үшін төленген 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайта есептеу арқылы қайтарылады.Бұл қаражат табиғи монополия саласындағы бірқатар кәсіпорындардың тариф арқылы жинағанымен, жоспарланған жұмыстарға толық жұмсамаған қаржысынан қалыптасқан, деп хабарлайды Orda.kz.

Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызмет қорытындыларын талдау нәтижесінде хабарлады.

Мекеме мамандары өңірдегі табиғи монополия субъектілері ұсынған 200-ге жуық есепті қарастырған. Аталған құжаттарда тарифтік сметалардың орындалуы мен инвестициялық бағдарламалардың іске асырылу деңгейі талданды.

Тексеру барысында 18 кәсіпорын бекітілген тарифтік жоспарларда көрсетілген бірқатар шығындар мен жұмыстарды толық орындамағаны анықталған. Осы жүйе арқылы облыс тұрғындарына Ұлттық банктің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі ескеріліп, 3,1 млрд теңгеден астам қаражат қайтарылады.

Өтемдік тарифтер 2026 жылдың 1 қаңтарынан 2027 жылдың 1 наурызына дейін күшінде болады.

Қайтарылатын қаражат қызмет бағыттары бойынша төмендегідей бөлінеді:

  • сумен жабдықтау және су бұру – 2,27 млрд теңге
  • электр энергиясын жеткізу – 669,6 млн теңге
  • жылумен қамту – 107,7 млн теңге
  • кірме жолдар қызметі – 3,7 млн теңге
  • газбен жабдықтау – 55,6 млн теңге

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар