Қарағанды-Балқаш тас жолындағы жол апатынан екі адам ажал құшты
Фото: Envato
Түнде Қарағанды облысы, Қарағанды-Балқаш тас жолында көлік апатынан 2 адам қаза тауып, 6 адам жарақат алды.
Бұл туралы ekaraganda.kz хабарлады
Оқиға сағат 00.30-да Абай ауданы Спасск ауылынан 2 шақырым жерде болды. Газель Hyundai Elantra көлігімен соқтығысып, екі көлік те шұңқырға түсіп кеткен. Hyundai көлігінің 32 жастағы жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Жеңіл көліктің үш жолаушысы, сондай-ақ екі жолаушы мен «Газельдің» 35 жастағы жүргізушісі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.
«Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Полиция департаменті жүргізушілерді сақ болып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады» деп мәлімдеді Қарағанды облысының полиция департаменті.
Жаңалықтар
- Ресейлік БАҚ: Әскер жасындағы ресейліктер Қазақстаннан депортациялануы мүмкін
- Уиткофф: Ресей Иранға барлау деректерін бермегенін мәлімдеді
- ҚР СІМ Таяу Шығыс елдеріне сапарламау туралы ескерту жасады
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды