«Қара тізім»: Шәріп Серіктің актерлік мәнсабы күйреді
Фото: Orda.kz
Қазақстандағы танымал актер Шәріп Серіктің бұрынғы ғашығы мен әйелі тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы мәлімдеді. Бұл мәлімдемелер оның актерлік мәнсабын күйретті. Компаниялар келісімшарттың бәрін тоқтатып жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Блогер Әлия Ботеева әлеуметтік желіде Серік Шәріпке ұқсайтын ер адам оның қолтығынан жұлқып әкеткен бейнежазбасын жариялады. Бойжеткен таяқ жегендей қызарған бетінің суреттерін де қоса жариялады.
«Сүйген адамымның маған қол көтергені жайлы айтып отыру — үш ұйықтасам да, ең қорқынышты түсіме кірмеген шығар. Алайда солай болды. Мен өз жазбам арқылы айтқым келетін жалғыз нәрсе. Өкінішке қарай, мен дереу арыз жазып, дереу қарсы тұруым керек еді», – деп жазды Ботеева Instagram парақшасында.
Шәкенти лақап атымен танымал Серік Шәріп «Біздің жігіттер», «Бизнесмендер», «Жігіттер хикаясы», «Наурыз» және т.б фильмдерде ойнаған.
Ботееваның бұл мәлімдемесіне Шәріптің бұрынғы әйелі, 2021 жылы ажырасқан рэпер Мөлдір Есембек (Say Mo) жауап берді:
«Бір болған оқиғаның қайталанатыны өкінішті. Қиянатшылдар менсінбей, өз кінәсін мойындай алмай жатыр. Мұндай адамдар өзгермейді», – деді Мөлдір Есембек.
Sәlem Entertainment компаниясы актер Шәріп Серікпен әріптестік қарым-қатынасын тоқтату туралы шешім қабылдады.
«Соңғы оқиғаларға байланысты, Sәlem Entertainment ұжымы Шәріп Серікті «қара тізімге» енгізіп, бүкіл келісімшартты толығымен тоқтатты. Бұған дейін жарияланған «Шакал» сериалы мен «Qarga» сериалының үшінші маусымы ресми түрде жабылды. Сонымен қатар, актер «Meow» сериалының екінші маусымында басты рөлдердің бірін сомдауы тиіс болған, алайда ол жобадан толықтай алынып тасталды», – деп хабарлады Sәlem Entertainment компаниясы.
Сондай-ақ «Патруль: последний приказ» фильмінің шығармашылық ұжымы актер түскен көріністерді кинонұсқадан алып тастамақ. Актермен жасалған бүкіл келісімшарттар тоқтатылды.
Еске сала кетсек, кеше Шәріп Серіктің бұрынғы ғашығы актердің өзін ұрып-соққаны жайлы мәлімдеген еді.
Жаңалықтар
- Зеленский: Үшжақты келіссөздердің кезекті раунды келесі аптада өтуі мүмкін
- Ресейлік БАҚ: Әскер жасындағы ресейліктер Қазақстаннан депортациялануы мүмкін
- Уиткофф: Ресей Иранға барлау деректерін бермегенін мәлімдеді
- ҚР СІМ Таяу Шығыс елдеріне сапарламау туралы ескерту жасады
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды