«Қаңтар оқиғасындағы қарулар»: ҰҚК автомат жасырылған қоймаларды тапты

cover Фото: Orda.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қаруларды іздеуді жалғастырып жатыр. ҰҚК Астана мен Щучинск қалаларында құқық қорғаушылар калашников автоматтары мен тапаншалар жасырылған екі қойма тапты, деп хабарлады Orda.kz.

Биылғы жылдың шілде-тамыз айларында ҰҚК прокуратурамен бірлесіп, заңсыз қару айналымымен айналысқан топты құрықтады. Астанадағы қоймадан қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған екі автомат пен 43 оқ-дәрі табылса, Щучинскідегі қоймадан жеті атыс қаруы, 1500 оқ-дәрі мен төрт тапанша табылды.

Барлық табылған қару сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді. ҰҚК мәліметінше, жыл басынан бері 13 заңсыз қару айналымы арнасы мен қару-жарақты қолдан жасайтын екі цех жойылған. Тоғыз айдың ішінде құқық қорғаушылар ондаған автомат, тапанша, граната мен мыңдаған оқ-дәрі тәркілеген.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар