Канададағы мектепте атыс болып 10 адам ажал құшты
Фото: CBC
Канаданың Британдық Колумбия провинциясындағы Тамблер-Ридж орта мектебінде атыс болып 10 адам қаза тапты. Шабуыл жасаған адамның өзі де мерт болды, деп хабарлайды Orda.kz Globalnews.ca сайтына сілтеп.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері мектеп ғимаратынан алты адамның мәйітін тапқан. Тағы бір зардап шеккен адам ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды. Бұдан бөлек мектеп аумағынан тағы 2 адамның денесі табылған. Күдіктінің өзі де өлі табылды. Ол өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін.
Ауыр жарақат алған екі адам ауруханаға жеткізілді. Тағы шамамен 25 адам жергілікті медициналық орталықта тексеруден өтуде. Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр.
Тамблер-Ридж орта мектебінде 7–12 сынып аралығында шамамен 170 оқушы білім алады. Мектепке жақын маңда бастауыш сынып оқушылары оқитын мектеп орналасқан. Екі оқу орны да апта соңына дейін жабылды. Полиция күдіктінің жеке басын анықтағанын, алайда қылмыстың себебі әзірге белгісіз екенін хабарлады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Нұрлан Сабуров сотталуы мүмкін бе?: Заңгер пікірі
- Үкіметтің кеңейтілген отырысындағы президент сынынан кейін Бектенов үкіметке бірқатар тапсырма берді
- Газбен жүретін көліктерге қатысты тағы бір тыйым ұсынылды
- Ораза кестесі 2026: қай уақытта ауыз бекітіп, қай уақытта ауыз ашамыз?
- Алматыда бірнеше күдікті адам ұрлап бара жатқан жерінде ұсталды
- Газбен жүретін көліктер мен газ құю бекеттеріне жаңа шектеу енгізіледі
- Қожамұратова ісі: сотта 49 жәбірленушінің жауабы оқылып, 55 том құжат жарияланды
- Литва Ресей мен Беларуське жиі баратын ресейліктерді ықтиярхатынан айырып жатыр
- Мемлекет басшысы Иран президентін Ислам революциясы күнімен құттықтады
- Зеленский әуе қорғанысы жүйесін түбегейлі өзгертуге кірісті
- Алматы облысында интернет-казино ұйымдастырғандарға халықаралық іздеу салынды
- «Жалақысын бермеген»: СҚО-да фермерді өлтірген жұмысшыға үкім шықты
- Канададағы мектепте атыс болып 10 адам ажал құшты
- Көші-қон: Былтыр елімізге қанша адам көшіп келді?
- Семейде сәбиді қоқыс жәшігіне тастаған күдіктілер әлі қамалмаған
- Кеңейтілген отырыс: Үкімет пен шенеуніктерге берілген соңғы ескерту ме?
- Ердоған өз орнына ұлын дайындап жатыр — Bloomberg
- Тоқаев Жапония премьерін құттықтап, жеделхат жолдады
- Алматыда мектеп оқушылары түтіннен уланып, ауруханаға түсті
- Ақтөбеде облысында жол апатынан 4 адам тіл тартпай кетті