Қамауға алынған журналист Әсем Жәпішеваның соты онлайн өтеді
Коллаж: Orda.kz
Журналист Әсем Жәпішеваның адвокаты Ғалым Нұрпейісов істің мән-жайын айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Бүгін журналист Әсем Жәпішеваны сатиралық Qaznews24 паблигінің қамауға алынған авторын қолдау мақсатында өткізген пикетінде полиция ұстап әкетті.
Тіл кеспек жоқ telegram-арнасының мәліметінше, журналист адвокаты Ғалым Нұрпейісов Жәпішеваға әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың 488-бабы, 7 тармағы бойынша айып тағылғанын мәлімдеді. Сот бүгін онлайн өтеді.
Еске сала кетейік, 17 қаңтар сатиралық Qaznews24 паблигінің авторы Темірлан Еңсебекке ұлтаралық араздық қоздырды деген айып тағылған болатын. Еңсебек 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Темірлан Еңсебекті қолдау үшін журналист әрі Art of Her журналының бұрынғы бас редакторы Руслан Бикетов жалғыз өзі пикетке шықты. Бес минут ішінде журналисті полиция алып кетті. Ол ҚР бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзғаны үшін 15 тәулікке қамалды.
Жаңалықтар
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады
- Эвакуация басталғалы Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды
- Ормуз бұғазы арқылы бір литр де мұнай өтпейді — Иран