«Қайрат» өз алаңында «Реал Мадридке» қиындық тудыруы мүмкін — Хаби Алонсо
Фото: Orda.kz
«Реал Мадридтің» бас бапкері Хаби Алонсо алматылық «Қайратты» жеке ойыншылар тұрғысынан да, команда ретінде де бағалап, олардың өз алаңында сенімді ойыны испандықтар үшін сынақ болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Баспасөз мәслихатында «Реал Мадридтің» жартылай қорғаушысы Федерико Вальверде мен бас бапкер Хаби Алонсо журналистердің сұрақтарына жауап берді. Вальверденің айтуынша, «Атлетикодан» жеңілу команда үшін ауыр болған.
«Біз «Атлетикомен» ойындағы қателіктерді көп талқыладық. Бұл матч біз үшін ауыр соққы болды. Ойынымыздың көп жерін өзгерткіміз келеді. Мұндай жеңілістердің қайталанбауы үшін барымызды саламыз», – деп қысқа қайырды Вальверде.
Еске сала кетейік, Реал Мадридті Атлетико 5:2 есебімен ойсырата жеңген еді.
Сонымен қатар, журналистер кеше түнде әуежай мен қонақүйде қарсы алған алматылықтар жайлы пікірін сұрады.
«Реал» матчтарына қатысты мұндай жанкүйерлердің көптеп жиналуы қалыпты нәрсе. Біз бұл елде ешқашан болмасақ та, әуежай мен қалада да жанкүйерлерді көру бізге өте жағымды әсер қалдырды. Қашықтықтың алыстығына қарамастан, мұнда «Реал» жанкүйерлерінің көп болғанына қуандық», – деді Федерико Вальверде.
«Реал Мадриттің» бас бапкері испандық Хаби Алонсо баспасөз мәслихатында: «қандай ел, қандай қарсылас болса да ертеңгі мақсатымыз айқын» деп айтты.
«Ертең – Чемпиондар лигасының матчы. Қай қарсылас болса да, қай елде ойнасақ та, біз жеңіске жетуіміз керек. Бұл турнирде ұпай жинауды жалғастырғымыз келеді. Қалай болғанда да бейімделу қажет. Әрине, мұндай ұзақ жол біз үшін сәл әдеттен тыс, бірақ ұзақ жол бізге сылтау бола алмайды», – деді Алонсо.
Сонымен қатар, Алонсо «Қайратты» бағаламауға болмайтынын атап өтті. Испан маманының пікірінше, алматылық команданың ойыны жақсы құрылғанын айтып, қарқынды ойынды алғашқы минуттан-ақ бастайтынын жеткізді.
«Қалай болғанда да ертең біздің ойыншыларымыз алаңға шығады және бар жігермен ойнайды. Біз прессинг қолданамыз, белсенді шабуыл жасауға тырысамыз. Ойын өте қарқынды өтетінін түсініп отырмыз. Өйткені «Қайрат» әрі физикалық, әрі тактикалық тұрғыдан жақсы дайындалғанын байқадық. Біз олардың соңғы «Селтикке» және «Спортингке» қарсы екі ойынын қарап шықтық. Байқағаным, олардың шабуылда әртүрлі профильдегі ойыншылары бар екен. Біз ертеңгі ойында олардың қарқынын алғашқы минуттардан-ақ басуды көздеп отырмыз», – деді бас бапкер.
Сондай-ақ, Алонсо «Қайраттың» жеке ойыншылар тұрғысынан да, команда ретінде де талқылап, ойындарында оларды алаңдататын тұстар бар екенін, әрі олар өз алаңдарында сенімді ойнайтынын айтып, «Реал Мадрид» үшін бұл сынақ болғалы тұрғанын жеткізді.
Баспасөз мәслихатынан соң «Реал Мадрид» ойыншылары жасыл алаңда БАҚ өкілдеріне арналған ойын алды ашық жаттығуларына кірісіп кетті.
Еске сала кетейік, Қазақстандық және испандық клубтар Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің екінші туры аясында кездеседі. Матч 30 қыркүйекте Алматының Орталық стадионында 21:45-те өтеді.
Жаңалықтар
- Шавкат Рахмоновтың әйелі 5 жылға сотталды: Жазаны өтеу кейінге қалды
- Тоқаев: альпинизм мен заманауи тау туризмі жан-жақты дәріптеледі
- Перизат Қайраттың түрмедегі жағдайы қалай?
- Перизат Қайраттың көлігі сатылымға шығарылды
- Түркістан облысында қорланды деген 6 жасар қыздың анасы әділдік іздейді
- Перуашев ұсталған журналист Ботагөз Омарованы қолдауға дайын екенін айтты
- Батыс медиасы АҚШ құрлық операциясын бастайтынын жазып жатыр. Трамп неге соққыны кейінге қалдырды?
- Депутат Әбенов: Көшеде жарысатын жүргізушілердің жазасын күшейту керек
- Наурыз ҰБТ: 179 талапкер ереже бұзған
- Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы заң қабылданды
- ІІМ-ді жаппай тазарту қажет — депутат Бақытжан Базарбек
- Әскерде зорлық көргені туралы жалған ақпарат таратып, жылу жиған жігіт қамауға алынды
- Наурыз мерекесін тойламауға шақырған азамат ұсталды: Қылмыстық іс қозғалды
- Зейнетақы жинағынан шешіп алатын қаражат жеткізер емес
- Ормуз бұғазын ашуды талқылау үшін 30 ел бірікті
- ФИФА футболдағы жаңа ережелерді жариялады
- АҚШ пен Израиль соғыстың алғашқы 16 күнінде оқ-дәріге 26 миллиард доллар жұмсаған
- ЮНИСЕФ басшысы: Қазақстанда балалар денсаулығы жақсы қорғалған
- Алматының әл-Фараби даңғылындағы адам өлімі: полиция тексеріліп жатыр
- Алматыдағы бес көлік жарысып, үш адам қаза болған шулы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды