Кафеде тілшіге қол көтерген Армения министрі қызметінен босатылды

cover Verelq

Арменияның жоғары технологиялық өнеркәсіп министрі Акап Аршакян журналисті ұрып, компьютерін жұмыс үстелінен лақтырып тастаған. Ол осы оқиғадан кейін қызметінен кетті. Оқиға 19 наурызда болды, ал министр 31 наурызда орнын босатты.

Бұл туралы Orda.kz Азаттыққа сілтеме жасап хабарлады.

– Мен Армения Республикасының азаматы ретінде шенеуніктің басқа азаматқа күш қолдануын дұрыс емес деп санаймын. Біз зорлық-зомбылықсыз қоғамға бет бұруымыз керек, - деді 35 жастағы шенеунік Facebook-те.

1 сәуірде оның орнына Тавуш аймағының губернаторы келді.

Шабуыл оқиғасы Еревандағы кафеде болды. Камерасы бар журналист асханада министрге келіп, жұмыс уақытында неге жұмыс істемей отырғанын сұрады.

Министр әрдайым жұмыс істейтінін айтқан. Ал журналист өз кезегінде шенеуніктердің белгіленген жұмыс уақыты барын айтқан. Осыдан кейін Аршакян журналистің артынан кафенің екінші қабатына көтеріліп, оны ұрып, компьютерін диванға лақтырып жіберген.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар