«Кафе мен дүкендерге сатылған»: Есек сойып, етін сатумен айналысқан отбасы анықталды

cover Фото: freepik.com

Өзбекстанда есек сойып, етін сатқан отбасы анықталды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Ташкент облысының Аққорған ауданында өзенге тасталған көп сүйек полицияның күдігіне ілінеді. Тергеу барысында арнайы цехтың жұмыс істегені анықталды. Ол жерде ешқандай санитарлық талаптар сақталмаған.

Полиция қасапшылардың фермада тағы 25 тірі есекті союға ұстап отырғанын анықтады. Күдікті ретінде ауданның 59 жастағы тұрғыны мен оның екі ұлы қамауға алынды.

Қазір полиция сойылған есектердің еті қайда сатылғанын анықтауға кірісті. Ең сорақысы, есек еті облыс орталығы Ташкенттегі кафелер мен ет өнімдерін сататын дүкендерге өтіп кетуі мүмкін.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар