Қадір түні — тағдыр түні: Дұға-тілектер
Коллаж: Orda.kz
Биылғы Қадір түні 16 наурыздан 17-не қараған түніне түсіп отыр. Сауапқа толы әрі тағдыр өзгеретін Қадір түнін қалай өткіземіз? Orda.kz тілшісі Қадір түніндегі құлшылық кезінде айтылатын дұға-тілектерді саралап шықты.
Жалпы құранда рамазан айының соңғы онкүндігінде дұға ету жазылған. Себебі сол онкүндіктегі тақ күндердің бірі — Қадір түні болуы мүмкін болғандықтан, бұл түні ерекше құлшылық жасалып, дұға-тілектер айтылады. Ислам ғалымдарының пікірінше, Қадір түні Рамазан айының соңғы он күнінің ішінде, әсіресе тақ түндердің біріне жасырылған. Ал ҚМБД Қазақстанда биылғы Қадір түні 16 наурыздан 17-не қараған түні деп жариялады.
Қадір түні – әрбір мұсылман үшін ерекше мүмкіндік. Себебі Құранда жазылғандай бір жылдық несібе, береке мен адамның тағдырына дейін өзгеретін сәт осы түнде болады екен. Ал ол үшін оған әрекет жасап дұға-тілектер айтылуы керек. Бұл түнді пайдалы өткізу үшін төмендегі амалдарға көңіл бөліңіз.
Қадір түнінің белгілері
Пайғамбар Мұхаммед (с.ғ.с.) хадистерінде Қадір түнінің кейбір белгілері айтылған. Ғалымдардың пікірінше, ол түнде:
- ауа райы тыныш әрі жайлы болады;
- табиғатта ерекше тыныштық сезіледі;
- ай мен жұлдыздар жарқырап көрінуі мүмкін;
- таңертең күн шапағы жұмсақ болып шығады;
- адамның жүрегінде ерекше тыныштық сезімі орнайды.
Алайда бұл белгілер әр жылы дәл байқалмауы мүмкін. Соған қарамастан мұсылмандар бұл түннің ерекше қасиетті екеніне сенеді.
Қадір түніне қалай дайындалған дұрыс?
Бұл түнді пайдалы өткізу үшін алдын ала дайындалған жөн:
- күндіз ораза ұстау;
- кешкі уақыттан бастап рухани дайындық жасау;
- қажетсіз шаруаларды кейінге қалдыру;
- түнді мүмкіндігінше құлшылықпен өткізу;
- таң намазына дейін сергек болуға тырысу.
Қадір түнінің қасиеті туралы Құранның «Қадір» сүресінде былай түсіндірілген.
«Ақиқатында, Біз Құранды Қадір түнінде түсірдік. Қадір түнінің не екенін қайдан білесің? Қадір түні – мың айдан да қайырлы. Ол түні періштелер мен Жәбірейіл (ғ.с.) Раббыларының рұқсатымен барлық іс үшін түседі. Ол – таң атқанша бейбітшілік түні».
Бұл аяттардың мағынасы өте терең. Ислам ғалымдары «мың ай» ұғымын шамамен 83 жыл 4 айға тең деп түсіндіреді. Яғни бұл түні жасалған әрбір игі іс пен құлшылық адамның 83 жылдан астам уақыт бойы жасаған ғибадатымен тең саналады. Сол себепті мұсылмандар бұл түнді бос өткізбей, мүмкіндігінше көбірек құлшылық жасауға тырысады.
1. Дұға жасап, кешірім сұрау
Бұл түнде айтылатын ең маңызды дұғалардың бірі – Пайғамбар Мұхаммед (с.ғ.с.) үйреткен дұға:
«Алла Тағалам, Сен – аса кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің. Мені кешіре гөр».
Бұл дұғаны қайта-қайта айтуға болады. Сонымен қатар адам өз өміріндегі қателіктері үшін шын жүректен тәубе етіп, болашақта дұрыс жолға түсуге ниет етуі тиіс.
2. Құран оқу
Қадір түні – Құран түскен қасиетті түн. Сондықтан бұл түні Құран оқу ерекше сауап әкеледі. Егер арабша оқи алмасаңыз, Құранның қазақша аудармасын немесе тәпсірін оқып, оның мағынасына үңілуге болады.
3. Намаз оқу
Парыз намаздардан бөлек, бұл түні қосымша намаздар оқуға болады. Мысалы:
- тәһәжжуд намазы;
- тәспих намазы;
- нәпіл намаздар.
Тәһәжжуд намазы әдетте 2 ракағаттан 12 ракағатқа дейін оқылады. Әр екі ракағаттан кейін сәлем беріледі. Бұл намазды түннің екінші жартысында оқыған абзал.
4. Садақа беру
Қадір түні жасалған әрбір игі іс мың айлық сауапқа тең болғандықтан, мұқтаж адамдарға көмектесу – сауапты амалдардың бірі. Бұл қаржылай көмек көрсету, қайырымдылық жасау немесе жақсы сөз айту арқылы да жүзеге асады.
5. Туыстармен қарым-қатынасты түзету
Исламда адамдар арасындағы татулық маңызды. Егер біреумен ренжісіп жүрсеңіз, осы түні кешірім сұрап, арадағы қарым-қатынасты жақсартуға тырысқан жөн.
Қадір түнінде қандай дұға жасауға болады?
Қадір түні мұсылмандар өздері үшін ғана емес, ата-анасы, отбасы және бүкіл мұсылман қауымы үшін дұға етеді. Дұғаның нақты бір шектеулі формасы жоқ. Ең бастысы – шын жүректен тілек ету.
Күнәлардың кешірілуі үшін:
«Алла Тағала, жасаған қателіктерімді кешіріп, мені тура жолға сал!»
Денсаулық пен амандық үшін:
«Раббым, маған, ата-анама және барша мұсылмандарға денсаулық пен тыныштық нәсіп ет!»
Береке үшін:
«Алла Тағалам, өміріме береке беріп, ризық-несібемді мол қыл!»
Қадір түні – мұсылмандар үшін ең қасиетті түндердің бірі. Бұл түні жасалған әрбір құлшылық мың айлық сауапқа тең деп есептеледі. Сондықтан мүміндер бұл мүмкіндікті пайдаланып, Алладан кешірім сұрап, дұға жасап, игі істерге ұмтылуға тырысады.
Қадір түнінде мұсылмандар Аллаға жақындау үшін түрлі дұға-зікірлер айтып, құлшылық жасайды. Діни деректерде бұл түні оқуға ұсынылатын кейбір сүрелер мен дұғалар бар.
1. Ықылас сүресі – 100 рет оқу
Бисмилләһир рахмәнир рахим.
Қуль һу уаллаһу аһад.
Аллаһус самад.
Ләм йәлид уә ләм йуләд.
Уә ләм йәкул ләһу куфуән ахад.
Ықылас сүресінің қазақша мағынасы:
«Алла – жалғыз. Алла – барлық нәрсеге мұқтаж емес, керісінше бәрі Оған мұқтаж. Ол тумаған да, туылмаған. Әрі Оған ешкім тең емес».
2. Қадір сүресі – 100 рет
Бисмилләһир рахманир рахим.
Иннә әнзәлнәһу фи ләйләтил қадр.
Уә мә әдракә мә ләйләтул қадр.
Ләйләтул қадри хайрум мин әлфи шәһр.
Тәнәззәлул мәләикәту уәр-руху фиһә би изни раббиһим мин кулли әмр.
Сәләмун һийә хатта матлағил фәжр.
Қазақша мағынасы:
«Біз Құранды Қадір түнінде түсірдік. Қадір түнінің не екенін қайдан білесің? Қадір түні мың айдан да қайырлы. Ол түні Алланың рұқсатымен періштелер мен Рух (Жәбірейіл) барлық іс үшін түседі. Бұл түн – таң атқанша бейбітшілік пен амандыққа толы».
3. «Лә иләһә иллаллаһ, Мұхаммәдур расулуллаһ» – 100 рет
Мағынасы: «Алладан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед – Оның елшісі».
4. «Әшһәду әллә иләһә иллаллаһ, уә әшһәду әннә Мұхаммәдән ғабдуһу уә расулуһ» – 100 рет
Мағынасы: «Алладан басқа ешбір тәңір жоқ екеніне және Мұхаммед Оның құлы әрі елшісі екеніне куәлік етемін».
5. «Астәғфируллаһ» – 500 рет
Бұл – Алладан кешірім сұрау дұғасы.
6. «Лә иләһә иллаллаһ уахдәһу лә шарикә ләһ, ләһул мулку уә ләһул хамду, уә һуә ғалә кулли шәйин қадир» – 100 рет
Мағынасы: «Алладан басқа тәңір жоқ. Ол жалғыз, Оның серігі жоқ. Бүкіл билік пен мадақ Оған тән. Ол барлық нәрсеге құдіретті».
Айта кету керек, кейбір діни деректерде Қадір түнінде Қадір сүресін бір рет оқу басқа уақытта Құранды толық хатым еткеннен де артық сауап әкеледі деп айтылады. Сондай-ақ бұл түні бір рет «Субханаллаһ», «Әлхамдулиллаһ» немесе «Лә иләһә иллаллаһ» деп айту да өте үлкен сауапқа тең деп түсіндіріледі.
Алладан амандық пен қорған сұрайтын дұға
Бұл дұғада адам Алладан дүниеде де, ақыретте де амандық пен қорғауды тілейді.
«Уа, Алла! Сенен мен бұл дүниеде де, ақыретте де жарылқау мен амандық сұраймын. Уа, Алла! Дінімде, өмірімде, отбасым мен мал-мүлкімде амандық нәсіп ет. Айыбымды жасырып, қорқыныштан сақтай гөр. Уа, Алла! Мені алдымнан, артымнан, оң жағымнан, сол жағымнан және үстімнен қорғағайсың. Сондай-ақ кенеттен келетін қауіп-қатерден Сенің ұлылығыңа сыйынып пана сұраймын».
Арабша нұсқасы:
«Аллаһумма инни әс’алукәл-‘афуа уәл-‘афията фид-дунйа уәл-ахира. Аллаһумма инни әс’алукәл-‘афуа уәл-‘афията фи дини уә дуньяйа, уә әһли уә мәли. Аллаһуммас-тур ‘ауратии уә әмин рау‘атии. Аллаһуммах-фазни мин бәйни йәдәййа уә мин халфи, уә ‘ан йәмини уә ‘ан шимәли, уә мин фәуқи. Уә ә‘узу би ‘азамәтика ән уғтәлә мин тәхти».
Шипа сұрайтын дұға
Бұл – қиындық пен ауру келген кезде айтылатын дұға:
«Маған бір қиындық тиді. Ал Сен – мейірімділердің ең Мейірімдісісің».
Арабша нұсқасы:
«Әнни мәссанияд-дурру уә әнта архамур-рахимин».
Жақсы жар мен ізгі ұрпақ сұрайтын дұға
Бұл дұғада Алладан отбасылық бақыт пен салиқалы ұрпақ тілейді:
«Уа, Раббымыз! Жұбайларымыз бен ұрпақтарымызды көзіміздің қуанышына айналдыра гөр және бізді тақуаларға үлгі ет».
Арабша нұсқасы:
«Раббәнә һәб ләнә мин әзүәәджинәә уә зуррийәтинәә қуррата ә’юнин уәдж‘алнәә лил-муттақинәә имәмә».
Тіпті бұл түні аз ғана уақыт намаз оқып, ғибадат ету де басқа күндердегі ұзақ құлшылықтан артық болуы мүмкін. Сондықтан мұсылмандар Қадір түнін дұға, зікір және ғибадатпен өткізуге тырысады.
Алла Тағала баршамызға Қадір түнінің берекесін нәсіп етіп, дұғаларымызды қабыл етсін.
Оқи отырыңыз:
- Қазақстанның жаңа Конституциясы референдумда ресми түрде мақұлданды
- Ұлттық банк төрағасы Қазақстандағы инфляцияның үдеу қаупі туралы айтты
- Екі аптадағы соғыс: Парсы шығанағындағы елдерге Иран шабуылдарының салдары қандай?
Жаңалықтар
- Лос-Анджелесте «Оскар-2026» жеңімпаздары анықталды
- Путин Тоқаевты жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады
- Талғарда қыз зорлады деген жаламен ұсталған төрт жігіт ақталып шықты
- Қадір түні — тағдыр түні: Дұға-тілектер
- Алматыда Рахат Тұрлыханов әйеліне күш көрсетті деген күдікпен қайта ұсталды
- Италияда қысқы Паралимпиада ойындары аяқталды: Қазақстан нешінші орында тұр?
- Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті
- Екі аптадағы соғыс: Парсы шығанағындағы елдерге Иран шабуылдарының салдары қандай?
- «Өліп жақсы көремін»: Нетаньяхудың «өлімі» мен алты саусақтың құпиясы
- Венгрияда премьер-министр сайлауы алдында қарсыластартың жақтастары митинг өткізді
- Биыл Наурыз мерекесі қалай атап өтіледі?
- Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің екінші ракеткасы атанды
- Қаласақ, қызық үшін тағы бірнеше соққы жасай аламыз — Трамп
- Білім министрлігі Қазақстандағы шетелдік университет филиалдарында оқуға грант бөледі
- Наурызнама мерекесі аясында 747 спорттық іс-шара өтеді
- 16 наурызға арналған ауа райы болжамы: Бірқатар өңірде дүлей дауыл соғады
- 15 наурыз – Конституция күні болып белгіленді: Жазда парламент сайлауы өтеді
- Бүгін Оскар сыйлығының 98-ші марапаттау рәсімі өтеді
- Exit-poll: Референдумда 86,7% дауыс беруші жаңа Конституцияны қолдады
- Иранның жаңа рухани көшбасшысы Моджтаба Хаменеи Ресейге жеткізілді — БАҚ