Көкшетауда аурухана қызметкерлері әкімдікке ультиматум жариялады
Көкшетау қалалық ауруханасының ұжымы Ақмола облысының әкіміне жұмыстан босатылған бас дәрігер Ерлан Аяғановты орнында қалдыру туралы өтініш жазды.
Бұл туралы Orda.kz Informburo сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
– Кеше кешке Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары келіп, 25 қазанда біздің бас дәрігер Аяғанов жұмыстан босату туралы өтініш жазғанын хабарлады. Енді біз не болып жатқанын түсінбей тұрмыз. Ол бұрынғы басшылардың былығынан кейін, ауруханаға келді, – деді Көкшетау қалалық көпбейінді ауруханасы ШЖҚ МКК қабылдау бөлімінің меңгерушісі Әлия Кенжебекова.
Оның айтуынша, жарты жыл ішінде ауруханада үлкен өзгерістер болған. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жиһаз әкелінді. Жұмыс істеу үшін барлық жағдайлар жасалды.
– Біз оның себебін білуге тырысқанымен, ол жұмыс істеуді жалғастыруды сұрады. Бірақ, біз оны жұмыстан шығару туралы шешімімен келіспейміз. Бізде ауырып жатқан немесе демалыста жүргендерді қоспағанда, ауруханадағы 37 дәрігер бар. Ақмола облысының әкімі мен денсаулық сақтау басқармасының атына хат жаздық. Егер басшы қайтарылмаса, біз жұмыстан шығаруға өтініш береміз. Біз басқа басшымен жұмыс істеуге келіспейміз, – деді Әлия Кенжебекова.
Ол аурухана ұжымының жазған хатын Ерлан Аяғановтың өзі білмейтінін айтты.
Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы аурухананың лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлады.
ҚР қылмыстық кодексіне сәйкес, 201, 407-баптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жарияланбайды.
«2021 жылдың 25 қазанынан бастап медициналық ұйымның бірінші басшысымен еңбек қатынастары ҚР еңбек кодексінің 56-бабына, 2-тармағына сәйкес тоқтатылды (қызметкердің өтініші бойынша еңбек шартын бұзу), МГМБ бас дәрігерінің міндеттерін орындау оның орынбасарына жүктелді» деп атап өтті басқармада.
Жаңалықтар
- Путин Қытайға келді
- Джо Байден мен Дональд Трамптың дебаты 27 маусым мен 10 қырқүйеккке жоспарланды
- Словакия премьер-министріне оқ атылды
- Жаттығу кезінде жарылған гранаттан зақым алған полицей ауруханаға түсті
- Биылғы түлектер мектеп бітіру күнін қалай өткізеді
- Қостанай облысында полицейді өлтірді деген күдікті ұсталды
- Гүлмира Сатыбалдыға қатысты алғашқы алдын ала тыңдау қалай өтті?
- Жылыой ауданында 100-ден астам отбасы бүлінген жылжымайтын мүліктерін бағалау қорытындысын алды
- Теңіздегі «сақалды» құрылыс нысаны бас мердігерінің басшылығы ауысты
- Мемлекет басшысы Германия экономикасының Шығыс комитеті басқармасының төрағасын қабылдады
- ЕО Израильді Рафахтағы әскери операциясын дереу тоқтатуға шақырды
- Қарағанды әкімі қала маңында ілінген плакаттарды сынға алды
- Қазақстан мұнай өндіруді арттыра ма?
- Утиль алымға қарсы петиция екі аптада 12 мың қол жинады
- Алматыдағы Гагарин даңғылының бір бөлігі әншінің құрметіне берілуі мүмкін
- Гүлзада Сержанға 50 АЕК көлемінде айыппұл салынды
- ҰҚК академиясының түлегі «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясын басқарды
- Әйелі зорлық-зомбылық көргенін мәлімдеген қазақстандық дипломаттың ісі туралы айтылды
- Қазақстандық азамат шетелдік компаниядан 180 миллион доллар бопсалаған
- Қазақстан бұрынғы уақыт белдеуіне оралуы мүмкін