Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мәлімдеме жасады
© AP Photo / Abir Sultan
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху АҚШ пен Израильдің Иран аумағына жасаған соққыларына байланысты халыққа үндеу жасады, деп хабарлайды Orda.kz.
«Қымбатты бауырларым мен әпке-қарындастарым, Израиль азаматтары! Аз уақыт бұрын Израиль мен АҚШ Ирандағы террористік режим тарапынан төнген өмірлік қауіп-қатерді жою операциясын бастады. Мен біздің үлкен досымыз, президент Дональд Трамп мырзаға оның тарихи көшбасшылығы үшін алғыс білдіремін», – деді Нетаньяху.
Оның айтуынша, 47 жыл бойы «Аятолла режимі «Израильге өлім», «Америкаға өлім» деп ұрандатып келеді.
«Ол біздің қанымызды төкті, көптеген америкалықтарды өлтірді және өз халқын күйзеліске ұшыратты. Бұл қанқұйлы террористік режимнің бүкіл адамзатқа қауіп төндіретін ядролық қаруға ие болуына жол беруге болмайды. Біздің бірлескен әрекетіміз батыл иран халқына өз тағдырын өз қолына алуына жағдай жасайды. Иран халқының барлық топтары — парсылар, күрдтер, әзірбайжандар, белудждер және ахваздар — зұлмдық бұғауынан босап, еркін әрі бейбітшілікке ұмтылатын Иран құратын уақыт келді», – деді Израиль премьер-министрі.
Сондай-ақ ол Израиль азаматтарын тыл қолбасшылығының нұсқауларын қатаң сақтауға шақырды.
«Алдағы күндері «Арыстанның ақырығы» операциясы барысында бәрімізден сабыр мен ішкі күш талап етіледі. Біз бірге төтеп береміз, бірге күресеміз және бірге Израильдің мәңгілігін қамтамасыз етеміз», – деп түйіндеді ол.
Оқи отырыңыз:
- Израиль Иранға қарсы соғыс бастады
- Трамп: Иран зымырандарын жойып, елдің зымыран өндірісін толықтай талқандаймыз
- Иранға шабуыл: Қазір не белгілі
Жаңалықтар
- Бас прокуратура интернет-алаяқтардың шабуылы күшейгенін ескертті
- Қазақстанда Ирандағы соғысқа байланысты бірқатар әуе рейстері тоқтады
- 28 ақпан – Сирек аурулардың халықаралық күні: ДСМ былтыр 175,4 млрд теңге бөлді
- Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мәлімдеме жасады
- Трамп: Иран зымырандарын жойып, елдің зымыран өндірісін толықтай талқандаймыз
- Иранға шабуыл: Қазір не белгілі
- Щучинск қаласындағы жарылыстан қаза тапқандардың отбасыларына 4 млн теңгеден төленді
- Израиль Иранға қарсы соғыс бастады
- Израильдің бүкіл аумағында дабыл қосылды
- Иран барлық байытылған уран қорынан бас тартуға келісті
- Атырауда енесін пышақтап тастаған әйел сотталмады
- Ақмола облысында балық қырылды, спирт зауытына айыппұл салынды
- Қазақстан мен тағы бірнеше ел Ираннан өз дипломаттары мен азаматтарын кетуге үндеді
- Павлодарда студент өзін пышақтап тастады
- Қытайлық әйел бірден бес сәби дүиеге әкелді
- Қазақстанның бас прокуратурасы «Эпштейн файлдары» бойынша тексеріс бастады
- Шымкентте ұстазынан азғындық көрді деген оқушының анасы өз шындығын айтты
- Мемлекет басшысы Сербия президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
- Жамбыл облысында пәтерлерде жүздеген «көрінбейтін тұрғын» тіркеліп алған
- Зардап шеккендерге — 1 млн теңге: Щучинсктегі жарылыста мерт болғандардың отбасыларына 2 млн теңгеден беріледі