Иван Ургант коронавирус жұқтырды

cover

Ресейлік актер және тележүргізуші Иван Ургант Covid-19 жұқтырды. Шоумен бұл туралы өзінің Twitter парақшасында хабарлады.

Сондай-ақ, ол жылы сөздер айтқан көрермендеріне алғысын білдірді. Иван Ургант өзін-өзі шектеуде екенін айтты. Тележүргізуші бүгін, 22 наурызда шығатын кешкі шоуының шығарылымында мәлімет беруге уәде берді.

Ресейде бір күнде инфекцияның 9284 жаңа жағдайы тіркелді. 361 адам қайтыс болды, 7790 адам қалпына келді.

Айта кетсек, Иван Урганттың соңғы қонақтарының бірі қазақстандық Иманбек Зейкенов болған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар