Италияда қысқы Паралимпиада ойындары аяқталды: Қазақстан нешінші орында тұр?

cover Фото: Olimpics

Италияның Кортина-д’Ампеццо қаласында XIV қысқы Паралимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Orda.kz. 

Жабылу рәсімі бағдарламасы Италия мәдениеті мен Милан мен Кортина қалаларының сұлулығына арналды. Аренада ауқымды шоу ұйымдастырылды. Музыка, би және визуал эффектілер арқылы спортшылардың жетістіктері мен жарыс атмосферасы көрсетілді.

Салтанатты рәсім барысында ұйымдастырушылар ойын қорытындысын шығарып, спортшыларға алғыс айтты. Соңында дәстүр бойынша паралимпиадалық алау сөндіріліп, ойындардың ресми түрде аяқталғаны жарияланды.

Халықаралық Паралимпиада комитеттің президенті Эндрю Парсонс спортшылар өз мүмкіндіктерін тағы да дәлелдегенін айтты.

«Сіздер әлемге шектеулер емес, шешім, батылдық және жетістікке ұмтылу шынайы қабілетті анықтайтынын көрсеттіңіздер. Бұл ойын спорт адамдарды құрмет, әділдік пен адамдық жетістіктер арқылы біріктіре алатынын көрсетті», — деді ол.

Жабылу рәсімінде келесі Паралимпиада ойындары қашан өтетіні анықталды. Келесі қысқы ойын 2030 жылы Франция Альпісінде өтеді. Ал жазғы Паралимпиада ойындары 2028 жылы Лос-Анджелес қаласында ұйымдастырылады.

Медальдық есеп бойынша бірінші орынды Қытай құрамасы иеленді — 15 алтын, 13 күміс және 16 қола медаль. Екінші орында АҚШ (13–5–6), үшінші орында Ресей құрамасы (8–1–3).

Қазақстан құрамасы жалпы есепте 18-орынға тұрақтады. Ел қоржынына түскен екі медальдің екеуін де Ербол Хамитов жеңіп алды. Ол парабиатлонда алтын және парашаңғы жарысында қола медаль еншіледі. 

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар