Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы қаза тапты

cover Фото: Әли Лариджанидің Twitter арнасынан

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Лариджани қаза болды, деп хабарлайды Orda.kz.

Израиль Қорғаныс министрлігінің басшысы Исраэль Кац Голамреза Сулеймани Иранның Әли Лариджанидың қаза болғанын растады. Оның мәліметінше, Лариджани әуе шабуылынан қаза тапқан.

Бұл туралы Израиль қорғаныс армиясы бас штабының басшысы Эял Замирдің баяндамасын тыңдау барысында хабарланған. 

Әли Лариджани Хаменеиден кейінгі жоғары беделді адамдардың бірі. Ол ел үшін маңызды шешімдерді қабылдайтын адам ретінде қарастырылады.

Сондай-ақ Лариджанимен бірге «Басидж» күштерінің қолбасшысы Голамреза Сулеймани де қаза болды. Ол Ислам революциясы сақшылары корпусының құрамына кіретін бөлімнің жоғары шенділерінің бірі. 

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар