Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
Фото: Бейнеден кадр
Индонезияда Джакарта қаласының маңында қоқыс полигонының опырылуы салдарынан кемінде жеті адам қаза тапты. Бұл туралы жергілікті құтқару агенттігінің басшысы Десиана Картика Бахари мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап.
Қоқыс полигонының опырылуына жексенбі күні жауған жаңбыр әсер еткен. Қатты нөсер салдарынан елдегі ең ірі полигондардың бірінде қоқыстың үлкен бөлігі сырғып кеткен.
Құтқарушылар қоқыс астынан жеті адамның денесін тапты. Қаза тапқандардың дені жүк көлігінің жүргізушілері. Сонымен қатар полигон аумағында шағын азық-түлік дүкендерінің сатушылары да көз жұмды.
Іздеу жұмыстарына 200-ден астам құтқарушы қатысып, үйінді астындағы адамдарды анықтау үшін экскаваторлар мен жылу камерасы бар дрондар қолданылған.
Бантарагебанг полигоны шамамен 110 гектар аумақты алып жатыр. Ол жерге күн сайын 6,5–7 мың тоннаға дейін қоқыс төгіледі. Бұл — Индонезиядағы ең ірі қоқыс полигоны.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады
- Эвакуация басталғалы Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды
- Ормуз бұғазы арқылы бір литр де мұнай өтпейді — Иран
- Астанада ауа райы қолайсыз: Кейбір оқушылар қашықтан оқуға көшірілді
- АҚШ Ауғанстанды заңсыз қамауларды қолдайтын мемлекет деп таныды
- Демалыс күндері Таяу Шығыста не болды: Ирандағы соғыс, мұнай бағасының шарықтауы
- Трамп: АҚШ Иранға жасалатын соққы қарқынын 20 есе арттыруы мүмкін
- Қырғызстанда мектеп маңында зиян тағам сатуға тыйым салынады
- Тегеран Түркия, Әзербайжан және Кипрге шабуыл жасамаған — Иран СІМ
- 2430 жылға сотталуы мүмкін: Стамбұлдың экс-мэріне қатысты сот басталды
- Ирандағы «мұнай аралас жаңбыр»: ДДҰ дабыл қақты
- Атырауда Жангелдин ауылының жоғалып кеткен екі тұрғынының мәйіті табылды
- Қазақстанның үздік теннисшісі турнирдің ширек финалына шықты
- «Қышқыл бұлттар» пайда болғаны туралы ақпарат жалған
- Дауыс беру кезінде «өшіп кететін сия» туралы бейнеге ОКҚ түсініктеме берді