ІІМ-ді жаппай тазарту қажет — депутат Бақытжан Базарбек

cover Фото: gov.kz

Депутат Бақытжан Базарбек ішкі істер органдарында ауқымды «тазарту» жүргізу қажеттігін мәлімдеді. Оның айтуынша, әсіресе жолда заңды елемейтін «мажорлардың» мәселесі ушығып тұр, деп хабарлайды Orda.kz. 

Алматыда тұратынын айтқан депутат күн сайын элиталық көліктермен жүйткіп, ереже бұзатындарды көретінін, бірақ олардың жауапкершілікке тартылмайтынын атап өтті. Оның сөзінше, мұндай адамдар — жоғары лауазымды тұлғалар мен ірі бизнес өкілдерінің балалары, ал оларды құқық қорғау органдарындағы кейбір қызметкерлер «қорғаштайды».

«Бұл тек Алматының емес, бүкіл Қазақстанның мәселесі. Сондықтан тазарту барлық өңірді қамтуы тиіс», — деді ол.

Базарбек депутаттар президентке жүгініп, ІІМ-ге жол қозғалысы жүйесінде қатаң тәртіп орнату туралы талап қоюға дайын екенін айтты.

Сонымен қатар, ол алдағы амнистия мәселесіне де тоқталды. Депутаттың жеке ұстанымы — жол ережесін бұзғандарға кешірім беруге қарсы.

«90-жылдардағы «мажорлардың» уақыты өтті», — деді Базарбек.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар