Хромтау қаласының әкімі пара алды деген күдікпен қамауға алынды
Фото: Gov.kz
Ақтөбе облысында Хромтау қаласының әкімі Cағындық Шабықбаев пара алды деген айыппен ұсталды. Шенді сот санкциясымен екі айға қамауға алынды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторында отыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақтөбе облысы сотының баспасөз қызметі Қылмыстық кодекстің 366-бабы «пара алу» айыбы бойынша тергеу жүріп жатқан іске қатысты санкция берілгенін растады.
Бейресми деректерге сәйкес, әкімнің жемқорлық әрекеті мердігер компаниямен арадағы келісімге байланысты болған.
40 жастағы Cағындық Шабықбаев бұл қызметке 2023 жылдың қыркүйегінде тағайындалған. Ол 1985 жылы 24 шілдеде Қостанай облысы, Қамысты ауданы Қамысты ауылында дүниеге келген.
- Еңбек жолын 2008 жылы «Ақтөбе облысының ХҚКО» РМК Әйтеке би аудандық филиалының басшысы болып бастаған.
- 2016-2017 жылдары «Әйтеке би ауданы әкімі аппараты» ММ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімінің бастығы болды.
- 2017-2018 жылдары «Хромтау ауданы әкімі аппараты» ММ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімінің бастығы болған.
Авторы: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- Әсет Матаев төбелескендерді ажыратпақ болып, соққыға жығылды — адвокат
- Тоқаев Алматы әкіміне жаңа жобаларды жетілдіру міндетін қойды
- Бұрынғы қазақтар «Наурыз» мейрамын қалай тойлаған?
- AZAL ұшағы апатына қатысты жаңа деректер: сараптама алынды, қорытынды жасалып жатыр
- ЛРТ және «кірешілер»: арқанмен вагон сүйреген жұмысшылар мемге айналды
- Жеті ел Ормуз бұғазын ашуға жәрдемдесуге дайын екенін мәлімдеді
- Аралдың құрғаған түбінде дрондар ұшып жүр: теңіз орнына тұқым әуеден себілуде
- Ақтөбе облысында бір топ жігіттің төбелесі адам өлімімен аяқталды
- Атырау облысында алты айлық сәби ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды
- Талғардағы трагедия Түркістан облысында қайталана жаздады
- Alatau city-де жер шетелдіктерге жалға беріледі
- Әсет Матаевқа тағылған айыптардың бір бөлігі алынды
- Трамп Израильге ескерту жасады. Таяу Шығыста не болып жатыр?
- Жыл басталғалы терроризмге қатысы бар 17 адам сотталып үлгерді
- Арнайы ХҚКО басшылығы жүргізуші куәлігі үшін пара алып, сотты болды
- Наурыздағы бата мен тілек: Дәстүрдің мәні неде?
- Қазақстанда несие беру талаптары жаңартылды
- Бұрынғы шенеунік Жақсылық Омар сотта кінәсін толық мойындады
- Тоқаев Қазақстан халқын Ораза айт мерекесімен құттықтады
- АҚШ Ормуз бұғазын ашу үшін теңіз жаяу әскерін пайдалануы мүмкін