Хасанның соты: Сотқа қатыспай жүрген жәбірленуші неге Хасанға шағымы жоқ екенін айтты?

22 қыркүйекте Талғар қаласында Қасымбаев Хасанға және тағы бес адамға қатысты сот отырысы өтті. Кезекті сот отырысына жәбірленуші Тәжиев келіп сот алдында: «Хасанға еш арызым жоқ» деп жауап берді. Істе екі жәбірленуші бар.
Оқиғаның мән жайын Orda.kz тілшісі біліп қайтты.
2024 жылдың 2 қарашасында Хасан Қасымбаев уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол 2021 жылы ережесіз жекпе-жек жаттықтырушысы Арман Әлімовтің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірді және ұрлады деген күдікке ілінген.
36 томнан тұратын іс бойынша Хасан Қасымбаевпен бірге Руслан Әлиев, Мадияр Қалымжанов, Сайлау Ақтанов, Нұрмұхаммет Сұлтанбеков, Данияр Асқаров есімді азаматтар да айыпталып отыр.
Сот залына кіре алмаған тілшілер қанша арыз-шағым қалдырса да, әлі күнге қараусыз жатыр. Олар әлі күнге дейін сот ашық болса да, сот залына кіре алмай отыр. Сонымен қатар теледидардың дауысы жаңғырып ақпарат алуды қиындатты. Сот сағат 10.00-де басталуы қажет болғанымен, айыпталушылар ауырып қалған соң, түстен кейін бір-ақ басталды. Сот үш айыпталушы қатыспаса да, жалғаса берді. Тағы бір айта кетерлік жайт, Тәжиев сот залында айыпталушылардың көзінше жауап беруден бас тартты.
Судья Тәжиевтің өтінішін қабыл алып алты айыпталушыны сот залынан шығарып жіберді. Мұны Хасанның қорғаушылары заңбұзушылық деп атап, сот отырысы бір тарапқа болысып қаралып жатқанын алға тартты. Олар Хасанның конституциялық құқығының тапталғанын айтты.
Еске салар болсақ, жәбірленуші Аюпжан Тәжиев бұған дейін сотқа келмей жүрген еді. Қанша шақырту алса да келмеген оны судья алдыңғы сот отырысына күштеп алып келу туралы шешім шығарды.
Сонымен қатар, жәбірленуші Тәжиев тауда Хасанды көргенін жасырмады, сонымен қатар оған шағымы жоқ екенін де айтты.
«2016 жылы Дархан деген жігіт хабарласып кездесуге шақырды. Мен дәл сол күні кездесе алмадым. Ертесіне кездесеміз деп келістік. Ол көлігімен келіп, мені көлікке отырғызып Талғарға барып келеміз деп тауға апарды. Біз Дархан екеуміз жерлеспіз. Мен аяқ киім сатумен айналысамын. Бір неше рет ота жасатқаннан кейін көбі есімде жоқ. Біз тауға барсақ, Хасан бар екен. Хасанды сол жерде ғана көрдім», — деді жәбірленуші Тәжиев.
Сот кезінде Тәжиев судьядан бірнеше рет ескерту алды. Оған судьяға құрметпен қарау туралы есткерту жасалды. Жәбірленуші Тәжиевтің айтуынша, Хасанның жанында Чина деген азамат болған екен. Олармен тауда сөйлесіп кейін дәмханаға барғанын айтты. Тәжиев қорғаушылар мен судьяның сұрағына: «есімде жоқ, білмеймін» деп жауап берді,
Тәжиев үзіліс кезінде ұйымдасқан күреске қарсы (УБОП) қызметкерлердің қорғауында жүрді. Сот отырысы біткеннен кейін Хасанның қарындасы сұхбат берді. Қарындасы Айжан Қасымбаеваның айтуынша ұйымдасқан күреске қарсы қызметкерлері Тәжиевке қалай жауап беру керек екенін «үйреткенін өз құлағымен естіген» екен.
«Мен балаларымды балабақшадан алып кету үшін шыққан едім. Көлігімнің жанында Тәжиевпен УБОП қызметкерлері тұр екен. Менің құлағым шалып қалды. Олар Тәжиевке сотта қалай жауап беру керек екенін үйретіп жатты. Олар «есімде жоқ, білмеймін» деп айт дегенін анық естідім», — деді Айжан.
Сот отырысы біткеннен кейін Хасанның қорғаушылары сұхбат берді. Адвокаттың айтуынша, жәбірленуші Аюпжан Тәжиев сотталушы Хасан Қасымбаевқа уәжі жоқ екенін жеткізген.
«Тәжиевке қатысты айтатын болсақ, оның берген жауаптары есінде жоқ. Сөздері бір біріне қарама-қайшы. «Енді қазір менің Хасан Қасымбаевқа қатысты талабым жоқ» дейді. Ал Дарханға қатысты талабым бар дейді. Өйткені, Талғар қаласында оны 2016 жылы тауға Дархан алып келген екен. «Хасан мені тек бір рет ұрды» дейді. Ал ақша талап ету бойынша ондай факті болған жоқ деп отыр. «Хасанға қатысты талабым жоқ» дейді. Тәжиевке қатысты Хасаннан жауап алынған жоқ, сол себепті оның не ойлайтынын айта алмаймыз. Іс 36 томнан тұрады. Қазір жәбірленушілерден жауап алынып жатыр. Ал ол бұл қылмыстық іспен танысқаны туралы нақты айта алмай отыр. Негізі, қылмыстық іс аяқталғаннан кейін жәбірленушіге барлық 36 том қолына беріледі. Ол танысып, қол қояды. Қазір ол нақты жауап бере алмайды. А.Тәжиев 2016 жылы арызданған. Бірақ «Дархан, Шыңғыс, Хасанға қатысты оқиға болды. Тауға апарды, ақша сұрады» деп жазған болатын. Бірақ, ол қазіргі кезде өзінің талап-арызын нақтылай алмай отыр. «Есімде жоқ» дейді. Хасан Қасымбаевқа қандай айып тағып отырғаны туралы сұраққа да жауап бере алмады», — деді Г.Бабажанова.
19 қыркүйектегі сот отырысында жәбірленуші Арманның анасынан жауап алды. Жауап алу кезінде Арманның анасына судья ескерту жасап, тек маңызды ақпаратты айтуды ескертті. Анасы ашуланып бес минут берулерін сұрады. Сонымен қатар Арманның анасы Талғар қаласының полиция департаментіне реніші бар екенін жасырмады. Себебі полиция департаменті іспен танысуға рұқсат бермеген көрінеді.
Хасанның қорғаушыларының айтуынша, жәбірленушілердің берген жауаптары сәйкеспейді.
Айта кетейік, Хасан Қасымбаевтың есімі Шерзат Полаттың өлімінен кейін айтыла бастады. 2024 жылғы 4 қазанда «Қамажай» дүкенінде болған жанжалда Шерзат Полат қаза тапты. Бұл оқиға қоғамды дүр сілкіндірді. Осы жағдайдан кейін Талғар аудандық әкімдігінде қызмет атқарған Хасан Қасымбаевтың бауыры Аслан Қасымбаев жұмыстан босатылды. Ресми сот кабинеті дерегіне сүйенсек, Хасан Қасымбаевтың тағы бір бауыры Ержан Қасымбаев бұған дейін «адам өлтіру» бабымен істі болған. Ол кеден қызметкері Медет Жамашевті қасақана өлтірді деп айыпталған.
Ал ІІМ «хуторлық» қылмыстық топ жайлы сөз бұрқ ете қалғанда-ақ ақпаратты жоққа шығарған болатын.
Жаңалықтар
- Мбаппе, Винисиус, Беллингем мен Куртуа Алматының жасыл алаңында
- «Қайрат» өз алаңында «Реал Мадридке» қиындық тудыруы мүмкін — Хаби Алонсо
- Қазақстандық «Кадет» көркем фильмі Оскарға ұсынылды
- «Бір нәрсені қайталап сұрадыңыз»: Хасан Қасымбаевтың сотында адвокат судьяға 6 мәрте қарсылық білдірді
- Бейбіт Қорған ұсталды
- Елімізде сегіз өңірдің бас прокуроры ауысты
- Қытайдың бұрынғы ауыл шаруашылығы министрі өлім жазасына кесілді
- Тоқаевтың халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесшісі тағайындалды
- Тоқаев пен Италия президенті бірін-бірі орденмен марапаттады
- «Реал Мадридтен» қорқудың еш қажеті жоқ – «Қайраттың» бас бапкері Уразбахтин
- Шығыс Қазақстан сол күйі жаңа уақыт белдеуінде қалады
- Әнші Рүстем Жүгінісов сотталды
- Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қарулар тәркіленді
- «QAITADAN» фильмі үш аптада 1 миллиард теңге жинады
- Қанат Шарлапаев «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінен шығарылды
- Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы басшысы Мұрат Досмұратов қонақүйде көз жұмды
- Тимур Тәшімбаев Бас прокурордың бірінші орынбасары қызметінен босатылды
- Ақорда Мұрат Нұртілеудің отставкасын түсіндірді
- Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі тағайындалды
- Ғани Бейсембаев отставкаға жіберілді