ХАМАС екі жыл бұрын тұтқындап, кепілге алған адамдарын босатты
Фото: Бейнеден кадр
ХАМАС Израильге қайтаратын 20 тұтқынды босату процесін екі кезең бойынша жүргізеді. Кепілге алынғандардың бірінші тобы Нецарим дәлізі арқылы отанына қайтады. Қалған бөлігі Хан-Юнисте босатылады. Кепілге алынғандардың отбасылары Израильдегі Реим әскери базасында жиналды, деп хабарлайды Orda.kz.
Израильдің кепілге алынған адамдарын босату ісі Дональд Трамп ұсынған формула бойынша — Газа секторындағы атысты тоқтату шарттарының бірі болды.
Америка президентінің өзі бүгін 13 қазанда Израильге ұшып келді. Ол кепілге алынған адамдардың отбасымен кездесуді жоспарлап отыр. ХАМАС тобы 2023 жылдың 7 қазанында Израильге шабуыл кезінде 250-ден астам адамды ұстап әкеткен. Екі жыл ішінде олардың бір бөлігі босатылды. Көбі тұтқында өлтірілді. ХАМАС марқұмдардың денелерін берді. Ал бүгін соңғы қалған 20 адам босатылады.
Израиль кепілге алынған 20 адамды босатқаны үшін жауап ретінде 1900-ден астам палестиналық тұтқындарды босатуға уәде берді.
Деректерге сүйенсек, олар қазір автобустарға мініп, Палестина аумағына барады.
Айта кетейік, өткен аптада АҚШ президенті Израиль мен ХАМАС-тың бітімге келгенін, енді екі ел тұтқын алмасатынын хабарлаған еді.
Жаңалықтар
- Зеленский: Үшжақты келіссөздердің кезекті раунды келесі аптада өтуі мүмкін
- Ресейлік БАҚ: Әскер жасындағы ресейліктер Қазақстаннан депортациялануы мүмкін
- Уиткофф: Ресей Иранға барлау деректерін бермегенін мәлімдеді
- ҚР СІМ Таяу Шығыс елдеріне сапарламау туралы ескерту жасады
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды