Газбен жүретін көліктер мен газ құю бекеттеріне жаңа шектеу енгізіледі

cover Фото: freepik.com

Газ құю бекеттерінде қауіпсіздік талаптары күшейтіледі. Мәжіліс депутаттары бұл заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Orda.kz. 

Мәжілісте не айтылды? 

Бүгін, 11 ақпанда мәжілістің жалпы отырысында «Газбен жабдықтау және тауарлық газды үнемді тұтыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды. 

Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Еділ Жаңбыршин аталған заң жобасының егжейін-тегжейін түсіндірді. Оның айтуынша, елде 3000 автогаз құю бекеті бар. Оның 90 пайызында жерүсті газ резервуарлары орнатылған. Мәжілісте мақұлданған түзетулер аясында жергілікті атқарушы органдарға автогаз құю бекетінің шекті санын белгілеу жөнінде өкілеттік беру жоспарланып отыр. 

Қандай шара қоданылады? 

Заң жобасында көгілдір отын бекеттерінде  қауіпсіздік деңгейін арттыру шаралары қарастырылған. Енді жаңадан ашылатын автогаз құю бекеттеріндегі үлкен ыдыстар жер астына орналастырылады. Ал жұмыс істеп тұрған бекеттер 2031 жылғы 1 қаңтарға дейін осы ыдыстарды жер астына салуға міндеттелді.  Сондай-ақ көліктер мен тұрмыстық газ белгіленген орындардан тыс жерде толтыруға тыйым салынады.

Айта кетейік, 2025 жылы газ құю бекеттерінде бірнеше қайғылы жағдай тіркелді. Былтыр наурызда Түркістан облысында жанармай құю бекетінде жарылыс болып, екі адам мерт болды. Ал мамыр айында Атырау облысында жанармай құю бекетінде болған жарылыстан 2 адам мерт болып, 14 адам зардап шекті.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар