Ерлан Қарин президенттің екінші республика туралы сөзін түсіндірді
Бұл мемлекеттік үлгінің жаңартылуы, деп түсіндірді Ерлан Қарин.
ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматыда Наурыз мейрамына арналған мерекелік шарада сөйлеген сөзінде «Екінші Республика» терминін қолданғанын түсіндірді.
Ерлан Қариннің айтуынша, кейбір сарапшылар тарапынан «Екінші республика» термині нені білдіреді және оның бұрын жарияланған «Жаңа Қазақстан» тұжырымдамасына қаншалықты қатысы бар деген сұрақтар туындайды.
— Шын мәнінде, бұл екі идеологияның мәні бір, тек екпінмен ғана ерекшеленеді. Жаңа Қазақстан – жалпы еліміздің болашағының бейнесі. Ал, ең алдымен, әлеуметтік құндылықтарды жаңарту қажеттілігі туралы айтып отырмыз және бұл ұлттың жаңа сапасын қалыптастырады. Сәйкесінше, бұл қаңтар оқиғасынан кейін немесе Жолдаудан кейін біз автоматты түрде Жаңа Қазақстанда өмір сүре бастадық дегенді білдірмейді.«Жаңа Қазақстан» тұжырымдамасын алға тарта отырып, президент таяу болашақта мемлекет құрудың жаңа мақсатын белгіледі. Жаңа Қазақстанды құру бір сәтте, бір күнде мүмкін емес. Бұл әлеуметтік қайта құрудың терең және ұзақ процесі, - деп түсіндірді Мемлекеттік хатшы.
Президент өз Жолдауында саяси реформалардың жаңа басымдықтарын жария еткеннен кейін әңгіме билік институттары арасындағы принципті жаңа конституциялық тепе-теңдікті қалыптастыру туралы болып жатқаны көпшілікке белгілі болды.
— Біріншіден, бұл оның суперпрезиденттік басқару түрінен күшті парламенті бар президенттік республикаға түпкілікті көшу жөніндегі бастамасына қатысты.Мемлекет басшысының биылғы жолдауын жүзеге асыру аясында одан да көп өзгерістер күтілуде. Бұл Конституцияның 30-дан астам баптары мен 20 заңына қатысты. Бұл өте ауқымды реформалар жоспары. Саяси жүйенің барлық конфигурациясын айтарлықтай өзгертеді. Азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысуын кеңейту, жаңа саяси мәдениетті қалыптастыру басты назард, - деді Ерлан Қарин.
Ол жалпы алғанда, мемлекеттік басқару моделінің өзгеруінің басталуы туралы ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік және қоғамдық даму парадигмасының өзгеруі туралы да айтуға болатынын қосты.
— Ал бүгінде бұл үдерісті нақтырақ көрсету үшін президент «Екінші Республика» терминін қолданды. Оның үстіне, «Екінші Республика» қазірдің өзінде өте жақын және нақты мақсат болып табылады, өйткені Мемлекет басшысы алға қойған саяси реформаларды жүзеге асыру 2022 жылға жоспарланған. Басқаша айтқанда, «Жаңа Қазақстан — қоғам мен ұлттың жаңаруы, ал Екінші Республика — мемлекеттік үлгінің жаңаруы, - деді Мемлекеттік хатшы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық