«Еркектер арасындағы дау»: Хасан Қасымбаевтың сотында айыпталушылар жауап беріп жатыр
Фото: Orda.kz
13 қазанда Талғар аудандық сотында «Хутор» атты ұйымдасқан қылмыстық топтың серкесі деп жұрт айтып кеткен Хасан Қасымбаевтың және серіктерінің ісі бойынша сот өтті. Бұл жолғы сотта айыпталушылардан жауап алынды, деп хабарлайды Orda.kz.
Қылмыстық іс бойынша Қасымбаевпен бірге тағы бес адам: Сайлау Ақтанов, Данияр Асқаров, Руслан Әлиев, Мадияр Қалымжанов, Нұрмұхамет Сұлтанбеков жауапқа тартылып жатыр. Олар адам ұрлау, денсаулыққа ауыр зиян келтіру және бопсалау баптары бойынша айыпталған.
2021 жылы Әлімов өзін ұрып-соқты, ұрлап әкетті деп шағымданған. Айыпталушылардың сөзіне қарасақ, «адам ұрлау» болмаған, кикілжің «еркектер арасындағы дау» болған. Қорғау тарапы тергеушілердің қысым көрсеткенін айтады.
Жәбірленуші Әлімовтің бұған дейін де қылмыстық істерге қатысы болғаны айтылды. Алайда сот бұл мәлімдемелерге құқықтық баға берген жоқ. Қорғаушылар судьяны ауыстыру жөнінде тоғыз рет өтініш түсірген. 20 тамызда басталған сот процесіне Әлімов осы күнге дейін қатысқан жоқ.
Іс құжаттарындағы деректерге қарағанда, 2021 жылдың маусым айында Әлімов қоқан-лоқы көріп, соққыға жығылып, күштеп әкетілгені айтылған. Прокурордың сөзіне сүйенсек, жанжалдың шығуына «Хасан Қасымбаев мен үшін қадірлі адам емес» деген сөз себеп болған.
Айыпталушы Руслан Әлиевтің сөзіне қарасақ, «адам ұрлау» деген. Ол сот алдында өз уәжін айтты:
«Адам ұрлау фактісі болған жоқ. «Бетперде киді» деген жалған. Бұл — ер адамдар арасындағы болмашы кикілжің. Әлімовтің телефоны өзінде болды. Қоңырауларға еркін жауап берді. Оны ұрып-соғып, бейнекамераға түсірді дегенге келіспеймін. Куәлар да біз ұрды деп айтқан жоқ. Әлімов Талғарда атышулы есірткі сатушы болған, көліктен өзі түсті, сап-сау кетті, тіпті жеткізіп салу туралы ұсынысты да қабылдаған жоқ».
Ескерту: жоғарыдағы ауыр айыптаулар айыпталушының сөзі ретінде берілді. Сот оны дәлелденген факт ретінде бекіткен жоқ.
Тағы бір айыпталушы Сайлау Ақтанов Хасанды танымайтынын айтты.
«Жазамды өтеп жүргенде маған «Қасымбаевты танимын деп айт» деп қысым көрсетілді. Қарағандыдағы қатаң тәртіптегі түрмеге ауыстырды», — дейді ол.
Қорғау тарабының айтуынша, бұл істегі бес айыпталушы да қазір жазасын өтеушілер.
Айыпталушылардың адвокаты Айдынғали Табылдиев:
«Шерзат оқиғасынан кейін прокуратура мен ҰҚҚ-ға бағынышты бөлімшелер жазасын өтеп жүргендерге барып: «Қасымбаевқа қарсы айғақ берсеңдер, жаза жеңілдейді» деп қысым көрсеткен. Қазір бұған қатысты бөлек қылмыстық іс қозғалды», — деді.
Қасымбаевтың басқа қорғаушысы Ерлан Меңдешев жәбірленуші Арман Әлімов пен марқұм Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов «таныс болуы мүмкін» деген пікір айтты:
«Сұхбат бір ғимаратта берілген, бұл алдын ала келісілген болуы мүмкін», — дейді ол.
Айыпталушылар жағы Әлімовтің бұрын зорлық-зомбылық, есірткі, тонау бойынша бірнеше рет жауапқа тартылғанын алға тартты. Сот бұл мәліметті бүгінгі отырыста дәлел ретінде бекіткен жоқ. Әлімов сотқа қатыспай жүр.
2021 және 2023 жылдары дәл осы эпизод бойынша іс екі рет қозғалып, екі рет тоқтатылғаны айтылды.
Айта кетейік, қорғаушылар судьяны ауыстыру туралы тоғыз мәрте ұсыныс жасады.
Хасан Қасымбаевтың жұбайы Зульфия Қасымбаева былай дейді:
«Марқұм Шерзатқа Хасанның қатысы бар деген жалған ақпарат тарап кетті. Күйеуімнің кінәсі дәлелденген жоқ. Журналистерді сотқа кіргізбейді. Қоғам не болып жатқанынан хабарсыз. Әділдік орнаса деймін», — деді.
Айта кетейік, қоғам назарын аударған Шерзаттың ісінен кейін Қасымбаевтың есімі жиі атала бастады. 2024 жылы Талғарда қаза болған 16 жастағы Шерзаттың әкесінің сөзіне қарасақ, жанжал кезінде сол кезде дүкенге келгендер Хасанды танитындарын айтқан. Содан бастап Хасан Қасымбаевтың есімі бүкіл Қазақстанға танылды. Әлеуметтік желіде Хуторлықтар деп танылған қылмыстық топтың бар екені және олардың Талғарды ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстайтыны жайлы гу-гу әңгіме тарап кетті. Осы жөпелдемеде Орда тілшісі Хасан Қасымбаевтың өзімен жолығып, тілдесіп көрді. Ол өзінің ақ екенін, қылмыс істемегенін атап өтіп, Шерзаттың отбасына көңіл айтты. Дегенмен оны полиция 2021 жылы біреудің денсаулығына ауыр зақым келтіргені үшін ұстады.
Айыпталушылар осы резонанстың кесірінен Хасан Қасымбаевтың нақақтан-нақақ ұсталғанын айтады. Ал жәбірленуші тарап болса, куәгерлердің айыпталушылардан қорқатынын өткен сотта айтты. Бұған дейінгі сот отырысын мына материалдан оқи аласыздар.
Orda.kz тілшісі алдағы сот отырыстарына қатысып, тікелей ақпарат таратып отырады.
Жаңалықтар
- Қырғызстанда парламент спикері отставкаға кетті
- Мемлекет басшысы Канада премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
- 2027 жылы Астанада УЕФА-ның 51-құрылтайы өтеді
- ХОК шеттетілген украиналық скелетоншыға Олимпиадада қалуға рұқсат берді
- Threads-та жаңа функция пайда болады
- «Дулығасында соғыста қаза тапқан спортшылардың портреті бейнеленген»: Украиналық скелетоншы Олимпиададан шеттетілді
- Хасан Қасымбаевтың ісі бойынша апелляциялық сот отырысының шешімі шықты
- Қазақстан Қырғызстаннан жерді 49 жылға не үшін жалға алмақшы?
- Ресейде бірден бірнеше ірі платформалар бұғатталды
- Қазақстандықтар былтыр тоннадан аса алтын сатып алған
- Түркістанда көшенің қақ ортасында атыс болды
- Есепші бүтіндей мемлекеттік кәсіпорын ақшасын бәске тігіп жіберді
- Жаңа Конституция күні 15 наурызда аталып өтуі мүмкін
- Маңғыстау облысында есірткі жеткізумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды
- Қазақстанда жаңа Конституция жобасы жарияланды
- Пезидент UAE SWAT Challenge–2026 халықаралық жарысында жоғары нәтиже көрсеткен командаларды құттықтады
- TikTok-та танылған Талғар әкімі қызметінен кетті
- Садыр Жапаров Конституциялық сотқа жүгінді
- Дәрігер ауруханада 13 жастағы қызға азғындық жасаған: Істің жай-жапсары
- Доллар неге күрт арзандап кетті?