Ербаян Мұхтар туралы сүйінші хабар келді

cover Фото: instagram/ Инга Иманбай

Алматыдағы 5571 әскери бөлімінде белгісіз себеппен мүгедек болған сарбаз Ербаян Мұхтардың денсаулығы туралы адвокат Инга Иманбай мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.

Адвокаттың айтуынша, Ербаянның жағдайы жақсарып келеді: салмақ қосып, беті толыса бастаған. Бір айдан кейін оңалту кезеңі басталады.

«Шүкір, жағдайы бірқалыпты. Соңғы рет оны Ыстамбұлға ұшар алдында көрген едім. Қазір әлдеқайда жақсы: салмақ қосып, беті толысып қалған. Бір айдан кейін емнің екінші кезеңі – реабилитация басталады. Ербаянға да, ата-анасына да сіздердің ыстық ықыластарыңыз бен қолдауларыңызды жеткіздім. Олар барша халыққа алғысын жаудырып жатыр. Біз бірге қолдау көрсетіп, Ербаянның аяғына нық тұруына көмектесеміз! Ал қылмыстық іс бойынша – Ербаянды осы күйге түсіргендер тиісті жазасын алғанша күресті тоқтатпаймыз. Әділеттік үшін біргеміз!», – деп жазды ол.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар