Ер адамды пойыз басып кетті

cover Фото: Envanto

Алматы облысында ер адамды пойыз басып кетті, деп хабарлайды Orda.kz

Қайғылы жағдай 17 наурызда Шамалған-Ақсеңгір учаскесінде болған. Ер адам сол жерде көз жұмды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Оқиға орнынан түсірілген видео желіде тарады. 

Полиция департаменті оқиғаға байланысты редакциямызға пікір білдірді.

«Абайсызда адам өліміне әкеп соққан теміржол көлігін пайдалану немесе қозғалыс қауіпсіздігі қағидаларын бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта бұл іс бойынша қажетті тергеу жүріп жатыр», деп мәлімдеді полиция департаменті.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар