Кей университеттерде лудомания деңгейі 30-40%-ға дейін жеткен

cover Фото: Ашық дереккөзден

Лудоманиямен күрес бойынша заң жобасында Руслан Берденов осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Orda.kz порталы.

«Бүгін «сіздердің заңдарыңыз шыққанша, менің екі досым өз-өзіне қол жұмсады» деген хат алдым. Өзіміздің жерлестерміз жазыпты. Суицидтің 20 пайызы құмар ойынына байланысты жасалады. Бірақ ол көрсеткіш әлдеқайда  көп. Ажырасулардың 40 пайызы лудоманияға байланысты», - деді депутат.

Сонымен қатар мәжілісмен мектеп оқушыларының да лудоман екенін атап өтті. 

«Бізде лудомандардың саны өте көп» деген соң, баруға туралы келді. Кейбір университетте лудомандар үлесі 30-40 пайызға дейін жетеді. Бұл тақырыпта әріптестерімізбен қосылып «Одержимость» атты деректі фильм де түсірдік. YouTube-те қаралымы көп. Мәселеге нақты әрі қатал заң қажет. Қазіргі таңда жұмыс істеп отырған алпауыт компанияларға да өте қатаң заң шығаруымыз қажет», - деп қортыныдылады Берденов.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар