Еліміздің 25 кәсіпорны 1,1 мың жұмысшыға 64,7 млн теңге қарыз

cover Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстанда кәсіпорындар 1,1 мың жұмысшыға жалақысын төлемей, 64,7 млн теңге қарыз болды, деп хабарлайды Orda.kz порталы.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, биылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары елдегі 25 кәсіпорынның 1,1 мың жұмысшыға 64,7 млн теңгеден астам жалақы бойынша берешек болғанын анықтаған. Олардың басшыларына орындалуы міндетті 11 нұсқама беріліп, 1,8 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 500-ден астам жұмысшының құқығы қорғалды. Оларға 130 млн теңге төленді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар