Елімізде бензин мен дизель отынының бағасы шарықтайды
Коллаж: Orda.kz
Бензиннің қазіргі бағасы тым төмен екенін айтқан вице-премьер Роман Скляр бағаның өсетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Склярдың сөзінше Қазақстанда барлық мүмкіндіктерге қарамастан, мұнай өнімдері жеткілікті өндірілмейді. Ол біраз мәселелерді айтып, бағаның «теңестірілетінін» мәлімдеді.
«Бензин мен дизель отыны бізде көрші елге қарағанда әлдеқайда арзан. Сонымен қатар, оның ағымы бар. Транзиттік көліктер арзан отынмен қамтамасыз етіледі. Сондықтан біз бағаны біртіндеп теңестіреміз. Ал отын өндірісін арттыруға қатысты Шымкентте мұнай өңдеу зауытының екінші кезеңін салу жоспарда бар. Сондай-ақ, қолданыстағы зауыттардың да қуатын арттыру жоспарланған», — деп түсіндірді Скляр.
Ең соңғы мәліметтер бойынша, елден отынның заңсыз шығарылуы 50%-ға төмендеді. Ішкі істер министрлігі, мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі және мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері бірлесіп экспортқа қарсы күресті ұйымдастырғаны туралы баяндама жасады.
Жаңалықтар
- АҚШ Ормуз бұғазы маңында Иранның 16 мина қоятын катерін жойды
- 380 азамат «Sirius Energy» қаржы пирамидасының құрбаны болды
- Зеленский: Үшжақты келіссөздердің кезекті раунды келесі аптада өтуі мүмкін
- Ресейлік БАҚ: Әскер жасындағы ресейліктер Қазақстаннан депортациялануы мүмкін
- Уиткофф: Ресей Иранға барлау деректерін бермегенін мәлімдеді
- ҚР СІМ Таяу Шығыс елдеріне сапарламау туралы ескерту жасады
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды