Екі жыл ішінде елімізде балаларды қорғауға қатысты 11 заң қабылданды

cover Фото: mobillegends.net

Соңғы екі жылда Қазақстанда балалар құқығын қорғау жүйесін күшейтуге бағытталған 11 заң мен бағдарлама қабылданып, сондай-ақ 158 нақты шараны қамтитын «Қазақстан балалары» бағдарламасы іске қосылды, деп хабарлайды Orda.kz.       

Бұл туралы Астанада өткен Silk Power 2026 алаңында сөйлеген Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева мәлімдеді.

Іс-шара барысында Д.Закиева балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, алдын алу жүйесін дамыту және отбасыларды қолдау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен соңғы екі жылда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, алдын алу жүйесін дамытуға және отбасылар мен балаларға қолдау көрсетуге бағытталған 11 негізгі заң мен бағдарлама қабылданды», — деді Зәкиева. 

Оның айтуынша, өңірлерде әкімдіктер жанынан бала құқықтарын қорғау жөніндегі басқармалар құрылып жатыр. Сонымен қатар мамандарды оқыту және жүйені жетілдіру жұмыстары жалғасуда.

Омбудсменнің сөзінше, бұл жұмыстардың нақты нәтижелері де бар.

«Тек өткен жылдың өзінде уәкілетті органдар балалар қауіпсіздігіне қатысты 50 мыңнан астам жағдайды анықтады. Отбасыларға жан-жақты көмек көрсетіліп, балалардың құқықтық қорғалуы қамтамасыз етілді», — деді ол. 

Зәкиева сондай-ақ биыл жылдың басында қабылданған «Қазақстан балалары» бағдарламасы туралы да айтып өтті.

«Қазақстан балалары» бағдарламасында балалардың құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған барлық шаралар жүйелендірілді. Жоспар 158 нақты қадам мен іс-шараны қамтиды. ЮНИСЕФ ел Конституциясында балаларды қорғау шараларын ең жоғары деңгейде күшейтуге бағытталған бастамалардың маңызын атап өтті, — деді Зәкиева.

Silk Power алаңы медицина, медиа, коммуникация саласы өкілдерін, мемлекеттік органдар мен қоғамдық сектор мамандарын біріктірген түрлі саладағы әйелдердің басын қосты.

Оқи отырыңыз:



Жаңалықтар

барлық жаңалықтар