«Дулығасында соғыста қаза тапқан спортшылардың портреті бейнеленген»: Украиналық скелетоншы Олимпиададан шеттетілді
Фото: Andrea Solero / EPA / Scanpix / LETA
Украиналық скелетоншы Владислав Гераскевич Италияда өтіп жатқан Олимпиадада алғашқы жарыс алдында шеттетілді. Бұған оның қаза тапқан спортшылардың портреті бейнеленген «естелік дулығамен» өнер көрсеткісі келгені себеп болған, деп хабарлайды Orda.kz Meduza басылымына сілтеп.
Гераскевич Олимпиадаға Украина құрамасының көшбасшысы ретінде келген. Ол соғыс кезінде қаза тапқан украиналық спортшылардың портреті бейнеленген дулығамен жарысқа қатыспақшы болған. Спортшы бұл дулығамен ресми жаттығуға шыққан, алайда кейін Халықаралық Олимпиада комитеті оған жарыс кезінде «естелік дулығасын» пайдалануға болмайтынын ескерткен. Тіпті жарысқа қатыспай қалуы мүмкін екені де айтылған. Бірақ спортшы ойынан айнымаған. Бұл туралы Гераскевич 10 ақпанда әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Спортшыны Украина президенті Владимир Зеленский қолдап, дулығада Ресей әрекеті салдарынан қаза тапқан украиналық спортшылардың портреттері бейнеленгенін айтты.
12 ақпанда ХОК пен IBSF дулығаны тағуға киюге рұқсат бермейтінін мәлімдеді. Осыған байланысты ол жарысқа қатысушылар тізімінен шығарылды.
ХОК бұл жағдайға қатысты мәлімдеме жасады. Спортшы ХОК өкілдерімен, президент Кирсти Ковентримен жеке кездесулерге қарамастан «ешбір ымыраға келмеген» көрінеді.
ХОК шешімінен кейін спортшы «Украина мүддесін және қаза тапқан спортшылардың естелігін қорғағаны үшін абырой жолында құн өтегенін» мәлімдеді.
«Біз ешқандай ережені бұзған жоқпыз және осы Олимпиадада бұған дейін осындай әрекет жасаған басқа спортшылар сияқты осы дулығамен өнер көрсетуге толық құқылы едік», — деді Гераскевич.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Threads-та жаңа функция пайда болады
- «Дулығасында соғыста қаза тапқан спортшылардың портреті бейнеленген»: Украиналық скелетоншы Олимпиададан шеттетілді
- Хасан Қасымбаевтың ісі бойынша апелляциялық сот отырысының шешімі шықты
- Қазақстан Қырғызстаннан жерді 49 жылға не үшін жалға алмақшы?
- Ресейде бірден бірнеше ірі платформалар бұғатталды
- Қазақстандықтар былтыр тоннадан аса алтын сатып алған
- Түркістанда көшенің қақ ортасында атыс болды
- Есепші бүтіндей мемлекеттік кәсіпорын ақшасын бәске тігіп жіберді
- Жаңа Конституция күні 15 наурызда аталып өтуі мүмкін
- Маңғыстау облысында есірткі жеткізумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды
- Қазақстанда жаңа Конституция жобасы жарияланды
- Пезидент UAE SWAT Challenge–2026 халықаралық жарысында жоғары нәтиже көрсеткен командаларды құттықтады
- TikTok-та танылған Талғар әкімі қызметінен кетті
- Садыр Жапаров Конституциялық сотқа жүгінді
- Дәрігер ауруханада 13 жастағы қызға азғындық жасаған: Істің жай-жапсары
- Доллар неге күрт арзандап кетті?
- Тарихи жеңіс: Қазақстандық арнайы жасақтар Дубайда өткен турнирде алтын және күміс жүлдеге ие болды
- Бүгін Астана оқушылары мен студенттері қашықтан оқиды
- Қазақстанда Референдум 15 наурызда өтеді
- Қылмыстық іс қозғалды: Шымкентте көшенің қақ ортасында бір топ жас жігіт жаға жыртысты