Дубайдан шығамыз дегендерге 1000 долларлық «қақпан»: Алаяқтар туристерді алдап жатыр
Коллаж: Orda.kz
АҚШ пен Израильдің Иранға шабуылы салдарынан Дубайда амалсыз қалып қалған туристерге әлеуметтік желілерде күмәнді ұсыныстар көбейген. Белгісіз адамдар көлікпен Оман астанасы Маскатқа жеткізіп салуды ұсынып, алдын ала 900–1000 доллар сұрап, ақырында алдап кетіп жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
РИА Новости агенттігінің мәліметінше, алаяқтар Дубайдағы орыс тілді чаттарға қосылып, өздерін Оман астанасы Маскатқа жол жүріп бара жатқан жолаушы ретінде таныстырады. Олар «жолай адамдар ала аламын» деп хабарлама қалдырып, қызығушылық танытқандармен жеке сөйлесуге көшеді.
Жеке хат алмасу барысында «орын аз қалды» немесе «сұраныс көп» деген сылтаумен алдын ала төлем талап етеді. Туристер ақша жібергеннен кейін, әлгі адамдар із-түзсіз жоғалып кетеді.
Куәгерлердің айтуынша, мұндай жағдай бірнеше рет қайталанған. Әдетте күдікті тұлғалар БАӘ–Оман шекарасына дейін 900 доллар, ал Маскатқа дейін 1000 доллар сұрайды. Дәл осы қаладан эвакуациялық рейстер ұйымдастырылып жатыр.
Баға аса жоғары болып көрінбегендіктен, кейбір адамдар келіседі. Алайда мұндай аккаунттардың көбі жақында ғана ашылғаны және Әмірліктерге еш қатысы жоқ екені байқалады.
Айта кетейік, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иран аумағындағы нысандарға, оның ішінде Тегеранға соққы жасаған. Қақтығыс салдарынан қираулар мен бейбіт тұрғындардың қаза тапқаны хабарлануда. Иран жауап ретінде Израильге және Таяу Шығыстағы АҚШ-тың әскери нысандарына соққы беріп жатыр.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу
- Дубайдан шығамыз дегендерге 1000 долларлық «қақпан»: Алаяқтар туристерді алдап жатыр
- Мексикалық наркобарон соңғы сапарына алтын табытпен аттанды
- Түркістан облысында бойжеткен айналдырған 15 минутта көлігімен екі бірдей оқушыны басып кетті
- Ақтөбеде жанармай құю бекетінде жарылыс болды
- Жаңа заң: Сталкер деген кім және ол қалай жазаланады?
- Тоқаев мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасарын ауыстырды
- Bulgaria Open-2026: Спортшыларымыз елге 11 медаль әкелді
- 3 және 4 наурыз күндері Сауд Арабиясынан Қазақстанға алғашқы эвакуациялық рейстер болады
- Сыртқы істер министрлігі Иран халқына көңіл айтты
- Нетаньяхудың тағдыры әзірге белгісіз: Ислам революциясы сақшылар корпусы таратқан мәлімдемелер шындыққа жанаспай жатыр
- Қазақстан халқының саны кезекті межеден асты
- Кувейт қателесіп АҚШ-тың үш жойғыш ұшағын атып түсірді
- Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек кабинеттері ашылады
- Астанада 558 млн теңге жымқырған мектеп директоры мен бас есепші сотталды
- Иран әскері Нетаньяхудың кеңсесіне соққы жасады