ДСМ су тасқыны кезіндегі ауыз судың сапасын тексерді

cover Фото: gov.kz

Аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарының мамандары су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі халыққа берілетін судың сапасын бақылайды, деп хабарлайды Orda.kz.

Мониторинг барысында орталықтандырылған және орталықтандырылмаған сумен жабдықтау көздерінен санитарлық-химиялық және микробиологиялық талдаулар үшін сынамалар алынды.

Су тасқыны басталғаннан бері орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ауыз су көздерінен 6 мыңнан астам ауыз су сынамасы алынды.

«Су тасқыны басталғаннан бері орталықтандырылған және орталықтандырылмаған су көздерінен 6 мыңнан астам ауыз су сынамасы алынды. Жарамсыз сынамалардың жалпы көрсеткіші 2022–2023 жылдар қорытындысы бойынша республика бойынша орташа жылдық деңгейден аспайды» делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында. 


Бүгінгі таңда жүргізілген зерттеулердің нәтижелері бойынша су арқылы берілетін жұқпалы аурулардың өршу қаупі  аз. Су қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері Денсаулық сақтау министрлігінің күнделікті бақылауында.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар