Дмитрий Биволдың әкесі келіні Екатеринаны соққыға жықты

cover Фото: Екатерина Биволдың жеке мұрағатынан

Қырғызстандық боксшы Дмитрий Биволдың әкесі үлының экс-жұбайы Екатерина Биволды соққыға жықты, деп хабарлайды Orda.kz.

Бұл ақпаратты Екатерина Бивол өзінің әлеуметтік желісінде жариялады. Юрий Бивол немересінің жаттығуына келген кезде, Екатерина жағдайды видеоға түсіруге әрекет жасаған. Сол сәтте ер адам оның қолынан телефонын жұлып алған. Жазбада айқай мен баланың дауысы естіледі.

«Ол менің мұрнымды сындырды. Телефонограмма жіберілді, учаскелік полиция қызметкері маған хабарласуы керек. Мен абдырап қалдым, себебі екі күн бұрын операция жасаттым», – деп жазды Екатерина өзінің Telegram арнасында.

Еске сала кетейік, Екатерина Бивол Қазақстан мен Қырғызстанда ұлттық алауыздықты қоздыру фактісі бойынша іздеуге жарияланды.



Жаңалықтар

барлық жаңалықтар