Димаш Құдайберген мен Самал Еслямова ТҮРКСОЙ марапатына ие болды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Димаш Құдайберген мен Самал Есләмова ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының арнайы марапаттарын иеленді, деп хабарлайды Orda.kz.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген түркі әлемі мәдениетін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін ТҮРКСОЙ ұйымының ең жоғары наградасы саналатын «Түркі әлемінің мәдени елшісі» атаулы орденімен марапатталған. Ал Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актриса Самал Еслямоваға түркі және әлемдік кино өнерінің дамуына қосқан айрықша үлесі үшін «Түркі әлемінің үздік әртісі» номинациясы бойынша ТҮРКСОЙ-дың арнайы жүлдесі табысталған.
ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев марапат маңызына тоқталды.
«Бүгін біз өнер арқылы түркі әлемін шынайы біріктіріп жүрген тұлғаларды құрметтеп отырмыз. Димаш Құдайберген музыка арқылы мәдени елші миссиясын атқарып келеді. Ал Самал Еслямова қазақстандық кино өнерінің символына айналды. Бұл марапаттар – олардың еңбегіне берілген лайықты құрмет», – деді ТҮРКСОЙ бас хатшысы.
Айта кетейік, Димаш бұл марапатқа ие болған екінші тұлға. Бұған дейін мұндай атақ Түркияның Нобель сыйлығының лауреаты, профессор Әзіз Санджарға берілген болатын.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Қонаевта 150 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
- Оразалы Ержанов тағы қамауға алынды
- Қазақстанда қанша әйел мұғалім бар?
- Түркістан облысында 20 жастағы алаяқ ойын арқылы кәмелетке толмағандардан ақша бопсалаған
- Трамп Иран билігін толық ауыстыруды қалайды
- Димаш Құдайберген мен Самал Еслямова ТҮРКСОЙ марапатына ие болды
- Қазақстанда 1242 елді мекенді су басу қаупі бар
- Ресейде қорғаныс министрінің бұрынғы бірінші орынбасары ұсталды
- Ормуз бұғазы маңында шамамен 1000-на астам кеме тұралап тұр
- Иранның жоғары шенді әскери басшысы туралы резонанс ақпарат тарады
- Тоқаев Иранның дроны Әзербайжан әуежайын атқылауына байланысты ұстанымын мәлімдеді
- Абай облысында әскери қызметкер қаза тапты
- Талғарда тағы бір қанды оқиға: Әйел анасымен бірге бұрынғы күйеуін 30 жерден пышақтады деген күдікке ілікті
- Тоқаевтың тапсырмасымен Мәулен Әшімбаев Иран елшілігіне барып, көңіл айтты
- Әлиев Нахчыван әуежайына жасалған шабуыл туралы мәлімдеме жасады
- Қазақстанда доллардың құны бірден төмендеді
- Иран Нахчыванға дрон ұшырды деген айыптауды жоққа шығарды
- Астана мен Алматы Халықаралық әйелдер күнін қалай қарсы алады
- Әзербайжан Ираннан Нахчыванға дрон шабуылына қатысты шұғыл түсініктеме талап етті
- Ирандық дрондар Әзербайжанның Нахчыван әуежайына шабуыл жасады