Дикий Арман қырғыз моделімен ажырасып кетті

cover Коллаж: Orda.kz

Қырғызстандық модель және актриса Айкөл Әликжанова мен Дикий Арманның ажырасқаны белгілі болды, деп хабарлайды Orda.kz.

Оның айтуынша, олар Арманмен заңды некеде болған, алайда ажырасу туралы шешімді Арманның өзі қабылдады.



«Біз үлкен махаббатпен үйлендік және оның бастамасымен ажырасып жатырмыз. Мен оны күтіп, қолдауға дайын едім. Бірақ Алла басқаша шешті» деп жазды Айкөл.

Ерлі-зайыптылардың бір қызы бар, ол — Арманның жалғыз баласы. Сондай-ақ, Айкөлдің сөзінше, Арманда бұған дейін ресми неке де, бала да болмаған.

«Арамызда ешқандай араздық жоқ, біз — ата-анамыз. Қазір маған оңай емес, ажырасу ауыр өтіп жатыр. Бұл — сіздер білуге тиіс барлық ақпарат, өйткені бұл жеке мәселе. Мен барлық мән-жайды бүкіл жұртқа жариялауды ойламаймын және өсек-аяңды тоқтатуды сұраймын» деп жазды Айкөл.

Еске сала кетейік, сот Дикий Арманның ісі бойынша үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар