Депутат жаңа жылға арнап шырша кесуді вандализм деп атады

cover Коллаж: Orda.kz

Сенатор Ақылбек Күрішбаев жаңа жылды қарсы алу үшін шыршаларды кесуді вандализм деп атады. Ол үкіметті мәселені шешуге шақырды.

– Жаңа жыл қарсаңында көптеген сауда орындарында сатылып жатқан жасыл шыршаларды көруге болады. Ауыл шаруашылығы министрлігінің фитосанитарлық қызметінің мәліметі бойынша, Ресейден ресми түрде әкелінген жаңа жылдық шыршалардың саны 78 мың дана. Экология министрлігінің дерегінше – 106 мың. Қазақстанда да басқа елдердегідей жаңа жылда табиғи шыршаларды кесу көзделмеген, бұл біздің заңсыз кесілген қазақ шыршасын сырттан әкеліп жатыр деген желеумен сатылып жатқан жоқ па деген орынды сұрақ туындайды. Жерімізді сақтау, көркейту, көгалдандыру – әрбір қазақстандықтың міндеті. Бірақ мерекенің санаулы күні үшін өсіп тұрған тірі шыршаны кесу - вандализм. Бұл халқымыздың дәстүрінде болған емес, - деді депутат Асқар Маминнің атына жолдаған сауалында.

Ол Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері Қазақстанда заңсыз ағаш кесудің 224 фактісі анықталғанын түсіндірді.

– Егер 147 инспектор 30 миллион гектарға жуық аумақтағы орман қорын бақылайтын болса, қандай орман қорын сақтау туралы айтуға болады. Орманшылардың орташа жалақысы небәрі 70 мың теңге. Жалпы, орман шаруашылығы Қазақстандағы ең аз жалақы алатын сала, - деді депутат.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар