Денсаулығы нашарлаған Думан Мұхаммедкәрім түрмеде қысым көріп жатыр
Фото: бейнеден кадр
Журналист Думан Мұхаммедкәрімнің түрмеде денсаулығы қатты нашарлады. Тіпті отырудың өзі қиындаған. Ол соған қарамастан түрме қызметкерлері жұмысқа салып, көнбіс қылу үшін қысым көрсетіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Оның қазіргі жағдайы туралы құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина Facebook парақшасында мәлім етті.
Мәліметке қарасақ, 2025 жылғы 19 сәуірден бері Думан тәртіптік изоляторда қамауда отыр. Бұған оның түрме формасын киюден бас тартқаны себеп болған. Бұл — жазасын өтеп жатқандарға қолданылатын ең қатаң тәртіптік шаралардың бірі.
«Адвокатпен кездескенде Думан белінің қатты ауырғанын, ұзақ уақыт отыруға да, тік тұруға да мүмкіндігі жоғын айтты. Медициналық қызметкер оған төсекте жатып ем алу қажет екенін айтқан. Түрме әкімшілігі 30 маусымда Думанды ауруханаға тексеруге жіберуді жоспарлап отыр. Себебі ауырсынуды басатын дәрілер көмектеспей қалған. Оның денсаулығы едәуір нашарлап кеткен» деп жазды Бақытжан Төреғожина.
Думан Мұхаммедкәрім сот үкімімен белгіленген 2 жыл 8 айдың бір бөлігін өтеп үлгерді. Әкімшілік оны жазаның жеңілдетілген режиміне көшіру туралы хабарлағанымен, белсенді бұл ұсыныстан бас тартқан.
Бұған дейін Думанға қысым көрсеткен және қорлаған тұтқындар басқа колонияларға ауыстырылған. Бірақ мекеме әкімшілігі тарапынан қысым әлі де жалғасып жатқаны айтылды. Қызметкерлер оны түрме формасын киіп, дәретханаларды тазалауға мәжбүрлеп, «тәртіпке көндіруге» тырысып жатыр. Думан бұл талаптарға келіспей, түрлі мемлекеттік органдарға шағым, өтініштер жолдаған.
Изолятор — ауа айналымы нашар, өте тар және бір адамға ғана арналған камера. Белсендінің айтуынша, ол жерде таза ауа жетіспейді, тыныс алу қиын.
Еске сала кетейік, Марат Жыланбаевтың адвокаты Мейіржан Досқараев марафоншының сегізінші рет аштық жариялауына не себеп болғанын айтып берді.
Жаңалықтар
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады
- Эвакуация басталғалы Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды
- Ормуз бұғазы арқылы бір литр де мұнай өтпейді — Иран
- Астанада ауа райы қолайсыз: Кейбір оқушылар қашықтан оқуға көшірілді
- АҚШ Ауғанстанды заңсыз қамауларды қолдайтын мемлекет деп таныды
- Демалыс күндері Таяу Шығыста не болды: Ирандағы соғыс, мұнай бағасының шарықтауы
- Трамп: АҚШ Иранға жасалатын соққы қарқынын 20 есе арттыруы мүмкін
- Қырғызстанда мектеп маңында зиян тағам сатуға тыйым салынады
- Тегеран Түркия, Әзербайжан және Кипрге шабуыл жасамаған — Иран СІМ
- 2430 жылға сотталуы мүмкін: Стамбұлдың экс-мэріне қатысты сот басталды
- Ирандағы «мұнай аралас жаңбыр»: ДДҰ дабыл қақты
- Атырауда Жангелдин ауылының жоғалып кеткен екі тұрғынының мәйіті табылды
- Қазақстанның үздік теннисшісі турнирдің ширек финалына шықты
- «Қышқыл бұлттар» пайда болғаны туралы ақпарат жалған
- Дауыс беру кезінде «өшіп кететін сия» туралы бейнеге ОКҚ түсініктеме берді
- Ұлттық банк төрағасы Қазақстандағы инфляцияның үдеу қаупі туралы айтты