«Дәрігердің өмірі-200 мың теңге»: Гинекологқа шабуыл жасаған науқастың соты елдің ызасына тиді

cover Фото: instagram/ dr.aigerimmuratovna

Желіде бір топ дәрігерлер гинекологқа шабуыл жасаған науқасқа тағылған айыпты жеңіл санап, аппеляциялық сот шешімімен келіспеді, деп хабарлайды Orda.kz. 

Еске салайық, әлеуметтік желіде науқастан зәбір көрген дәрігердің видеосы тарады. Жәбірленуші 2024 жылдың қараша айында әріптесі екеуіне науқастың шабуыл жасағанын айтты. Дәрігердің сөзінше, науқас өзіне қойылған диагнозға көңілі толмаған. Ашуға ерік берген ол кабинеттегі компьютердің мониторын сындырып, дәрігерлерге шабуыл жасаған. Науқас медицина қызметкерін телефонмен ұрып,  салдарынан көзінің үстіңгі қабағын жарып жіберген.

Жәбірленушінің айтуынша, науқастың шабуылына қатысты сот процесі өткен. Әйел кінәлі деп танылып, қоғамдық жұмыстарға тартылды. Сондай-ақ моральдық шығын үшін 200 мың теңге өтемақы төлеуге міндеттелді. Жәбірленуші сот шешіміне келіспей, аппеляциялық сотқа жүгінді. Алайда шешім өзгеріссіз қалды.

«Әріптестер, бүгін біз апелляциялық соттың таңқаларлық шешімін алдық. Жұмыс орнында шабуылдың құрбаны болған гинекологқа әділетсіздік жасалды. Сот дәрігердің қорлығын 200 мың теңгеге бағалады. Ал 80 сағаттық түзету жұмыстары қылмыстық құқық бұзушылық үшін әділ жаза ма? Сотталушы «дәрігер кінәлі» деп отыр. Бірақ дәрігердің оның жағдайына түк қатысы жоқ. Әйелдің өзі түсік тастап келген. Кейін кінәліні іздей бастады», - дейді дәрігерлер. 


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар