Цифрлық түрме ме? Aitu-дың басшысының BTS Digital ҰҚК-ға, «Елбасы» фан-клубына қандай қатысы бар?

BTS Digital — Қазақстандағы ең даулы IT-компаниялардың бірі. Осы мемлекеттік қызметтер мен бизнеске арналған цифрлық жүйелер жасайтын компанияның миллиардтаған теңге тендер ұтып алып, ERG секілді алпауыттармен тығыз байланыс орнатқан. Компания жайлы «ұлттық интернетті бақылауға алатын үлкен жүйе» деген сыбыстар бар. Билік дәл осы компания арқылы ресейлік Сбермен келісім жасаған соң дау бұл әңгімелерді одан әрі өршітті. Бұл расымен жалпы халықтың интернет кеңістігін бақылауға алып, оқшаулап отыратын компания ма?
Orda.kz ресми түрде BTS Digital жеке компания болса да, істің арғы жағына үңіліп көрді.
BTS Digital — Қазақстандық IT-компания. Ол мемлекетке арналған цифрлық өнімдер мен бизнеске қатысты шешімдер әзірлейді. 2018 жылы құрылған. Компания өз өнімдерінен экожүйе құрды. Соның ішіндегі ең ірісі — Aitu супераппы. Біз бұған дейін мемлекет бұл мессенджерді шенеуніктер мен мемлекеттік органдар арасындағы негізгі қарым-қатынас құралына айналдырып жатқанын жазған едік.
BTS Digital компаниясының директоры Нұртай Әбілғалиев журналистермен тілдескенде компания BTS Digital Ventures қорының портфельдік жобаларының қатарына жататынын айтты.
Бұл қордың негізгі инвесторы — ERG тобы. Ал ERG акцияларының 40 пайызы мемлекет меншігінде.
Әбілғалиевтің айтуынша, осы құрылымға сүйене отырып, BTS Digital компаниясының шамамен 40 пайызы мемлекетке тиесілі деуге болады:
«Солай деуге негіз бар деп ойлаймын, өйткені басқа акционерлер жоқтың қасы. Қордағы негізгі қатысушы — ERG. Ал бұл қор BTS Digital компаниясының негізгі істеріне араласып отырады. Сондықтан бұл үлес BTS Digital-ға беріледі», — деді ол.
Сонымен қатар, компанияны тікелей мемлекет қаржыландырмайды. Мемлекетті маңызды серіктес деуге болады. Әбілғалиевтің сөзінше, компания мемлекеттік орган саналмайды.
Компания құрылған алғашқы күндерден-ақ ол «ұлттың интернетін тұсап, оқшауда ұстау үшін» жасалған деген сыбыстар тараған. Яғни, бұл жоба тәуелсіз Қазнетті «дұшпан болған либерал интернеттен» оқшаулау мақсатында құрылды деген әңгімелер болды. Оған компания басшылығы мен аффилиирленген тұлғалар мұндай болжамдарды, қауесеттерді тіпті елеменді. Былайша айтақанда, сұрақ қойғандарға тек иық қиқаң еткізіп, аузына құм құйып алатын.
BTS Digital Ventures қорының басшысы Ғалымжан Ахметов бір сұхбатында былай деген:
«Бұл қызық тақырып. Мұны кофе ішіп отырып немесе іскерлік кездесулерде сөз еткенде әрдайым жымиып қоямын. Бұл туралы айтылып жүрген қауесеттерге ешқандай негізі жоқ екенін сенімді түрде айта аламын».
«Айту Дала» компаниясының бұрынғы директоры Евгений Волков, Salem Social Media (SSM) жобасын алғаш негізін қалаушылардың бірі. Ол 2020 жылы Bluescreen басылымына берген сұхбатында жобаның айналасындағы түрлі болжамдарға қатысты пікір білдірген. Журналистің: «Қазақстандағы митиң болса, әлеуметтік желілерде SSM мемлекеттік тапсырыспен тұсайды деген әңгімелер тарады. Бұл рас па?» — деген сұрағына Волков мысқылдап жауап берген:
«Әрине, біз тапсырысты орындап жатырмыз. Тек мемлекеттікі емес, тікелей планетаны жасырын басқарып отырған рептилоидтардың тапсырмасын орындаймыз», — деді ол күліп.
Оның айтуынша, Salem жобалары төңірегінде қастандық теорияларының өте көп екенін айтты.
«Бізді көп ұзамай «суперқолданба» жасап, елдің бәріне интернетті өшіріп тастайды деп айыптаған. Біз жекеменшік компаниямыз ғой. Бүкіл Қазақстанның интернетін қалай өшіреміз? Міне, бір жыл өтті — хейтерлердің интернеті әлі бар ма?» — деп мысқылдады Волков.
Қалай десек те, BTS Digital мемлекеттегі ең күмәнді жобаларда өкілдік етіп жүрген компаниялардың бірі болды. Мәселен, 2021 жылдың қыркүйегінде Қазақстан ресейлік Сбер компаниялар тобымен меморандумға қол қойды. Бұл келісім электронды үкіметті цифрлық жаңғыртуға бағытталған жобаларда серіктестік орнатуды көздеген.
Ресеймен келісімге келу Қазақстан қоғамы үшін, әсіресе ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы кезінде, күтпеген жаңалық болды. Хабар тараған сәтте жұрт қызу талқылай жөнелді.
Кейбір сарапшылар бұл қадамды Ресейге тізе бүгу, цифрлық тәуелсіздіктен ерікті түрде бас тарту деп бағалады.
Ал екінші тарап, керісінше, мұндай шешім заманауи цифрландыру үрдістері мен Сбер секілді ірі компаниялардың мүмкіндігін бағалап орынды деп санады.
Келісімге қарсы шыққандардың ашуына «отқа май құйған секілді» әсер еткен жайт — ресейлік компания мен Қазақстан үкіметі арасындағы делдал ретінде BTS Digital-дың тағайындалуы болды.
Жергілікті IT-нарық та бұл меморандумға қырын қарады. Оларда күмән мен сақтық басым еді. Цифрлық сала өкілдерінің кейбірі өздерін бұл келіссөзден негізсіз шеттетілгендей сезінді.
«Біз ашуландық. Шынында да, бүкіл елдің IT-нарығы Қазақстан үкіметінің цифрландыру жобасындағы серіктес ретінде қарастырылмаған. Үш жылдан астам жұмыс істеп келе жатқан бірде-бір отандық компания бұл жобаны талқылауға қатыспады. Біз президенттің ұстанымын қолдаймыз және платформалық тәсілге көшу қажет деген пікірмен келісеміз. Сондай-ақ халықаралық тәжірибеден үйрену керек екеніне де қарсы емеспіз. Бірақ дәл қазір біздің орнымызға шешім қабылданып, «Сбердің платформасы қолданылады» деп кесіп айтылды», — деген еді сол кезде қазақстандық IT-компаниялар консорциумының жетекшісі Болат Бәшеев.
Алайда 2022 жылдың сәуірінде, «Жаңа Қазақстан» кезеңі басталғанда, геосаяси жағдайдың өзгеруіне байланысты Сбермен арадағы келісімнен бас тарту туралы шешім қабылданды.
2024 жылы ERG тобының цифрлық активтері едәуір өзгерістерге ұшырады. Salem Social Media сатылып, қайта құрылды. Ал BTS Digital халық аралық қаржы орталығында тіркелген Phoenix Fund LP қорына өткізілді. Бұл қордың 49,98 пайыз үлесін «Қазақтелеком» сатып алды, ал өзге қатысушылар қатарында ERG құрылымдары мен Digital Opportunities I бар. Қордың басқарушы серіктесі қызметін BTS Digital Ventures атқарды.
2025 жылы «цифрлық тұсау» туралы әңгімелер қайта жанданды. Себебі Aitu қосымшасының қазақстандықтардың күнделікті өміріне, әсіресе мемлекеттік органдардың жұмысына белсенді енгізілуі Ресейде оқшаулайтын MAX мессенджерін насихаттай бастаған сәтпен тұспа-тұс келді.
Осы ұқсастық көпшілікті ойландырды. «Aitu өзіміздің «оқшау интернет кеңістігімізге» айналып кетпей ме?» деген сұрақ қайта көтерілді. Бұл туралы біз бұған дейінгі материалда жан-жақты жазған едік.
Миллиард болатын мемлекеттік келісімдер және ҰҚК-нің лицензиясы
Басында BTS Digital компаниясының құрылтайшысы «Business & Technology Services» ЖШС, ал алғашқы басшысы Алмас Өтегұлов болған. Ол туралы деректер аз, бірақ оның бірнеше өнеркәсіптік компаниялардың акционері екені белгілі. Солардың қатарында «Шұбаркөл көмір» АҚ және «Қазақстан алюминийі» бар. Екеуі де пайдалы қазбаларды өндіру саласында жұмыс істейтін ірі кәсіпорындар.
2019 жылы компанияның директоры болып Нұртай Әбілғалиев тағайындалды. Ол бұл қызметті бүгінге дейін атқарып келеді. Дәл сол жылы меншік құрылымы да өзгерді. Алдымен компанияның иесі Eurasian Digital Ventures I Limited Partnership серіктестігі болды. Кейін жарғылық капиталы бірнеше мәрте артты.
2023 жылдың соңында компания ERG Investments Projects B.V. бақылауына өтті. Бұл Еуразиялық топтың (ERG) еншілес құрылымы. Ал ол — өңірдегі ең ірі өнеркәсіптік холдингтердің бірі саналады.

Kompra.kz порталының деректері бойынша, BTS Digital табысы соңғы жылдары айтарлықтай өскен.
Салық мәліметтеріне сүйенсек, 2018 жылы компанияның төлемдері шамамен 318 миллион теңге, ал 2025 жылға қарай жылына бір миллиард теңгеден асқан. Компания құрылғаннан бері мемлекет қазынасына барлығы 5,5 миллиард теңгеден астам қаржы аударылған.
Сонымен қатар BTS Digital мемлекетпен бірігіп белсенді жұмыс істеп келеді. Жалпы құны 5,3 миллиард теңгеден асатын 14 мемлекеттік келісімшарт жасаған.
Ең соңғысы — 2025 жылғы 1 тамызда бекітілген. Тапсырыс беруші — «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның «Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясы» филиалы.
Келісім бір көзден сатып алу тәсілімен жасалып, оның жалпы құны 1,232 миллиард болған. Құжат бойынша BTS Digital ақпараттық технологиялар аудитін жүргізуі тиіс. Мұндай аудит компания үшін арзанға түспейтіні толық мәліметтер ашық дереккөздерде жоқ болса да, түсінікті жайт.
Компанияның өзге де клиенттерінің қатарында көбіне оның акционері – «Қазақтелеком» және осы холдингтің еншілес құрылымдары, сондай-ақ кейбір мемлекеттік органдар кездеседі. Алайда ең қызығы – 2025 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитеті берген лицензиялар болды.
Алғашқысы – жылдың басында, екіншісі – мамыр айында берілген. Бұл екі лицензия BTS Digital компаниясына ақпараттың техникалық жолмен сыртқа шығуын анықтау және жедел-іздестіру іс-шараларына арналған арнайы техникалық құралдарды қолдануға рұқсат береді. Құжаттарға ҚР ҰҚК Ақпараттық қауіпсіздік қызметінің бастығы Бақытжан Дарменовтың қолы қойылған.
Егер елде азаматтардың жеке деректерінің таралуы туралы мәселе қайтадан ушығып шыға келсе, енді кімді жауапқа тарту керегін шамалай берсек болады.
BTS Digital компаниясы сот істерінен да тысқары қалған жоқ. 2024 жылдың тамызында Астанада бұл IT-компанияға қарсы іс қаралды. «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» акционерлік қоғамы BTS Digital-ды мемлекеттік сатып алулардың әділ жолмен алмайды деп тануды сұрап, сотқа жүгінді. Себеп — чат-бот жасауға арналған тендерлік өтінімде мамандардың сертификаттары жалған болуы мүмкін деген күдік еді. Сот тергеуі барысында өтінімді BTS Digital қызметкері бергені анықталды. Алайда ол мұны өкілетсіз жасаған: берілген сенімхатының мерзімі сол кезде аяқталып қойған. Яғни, заң жүзінде ол компания атынан құжат тапсыруға құқылы болмаған. Сондықтан компанияның өзі тендердің қатысушысы ретінде саналмайтын және жалған мәлімет үшін жауап бермейтін еді.
BTS Digital ішкі қызметтік тексеріс жүргізіп, сол қызметкерді жұмыстан босатты және өз әрекеттерінің заң аясында болғанын растады. Сот бұл жайтты, сондай-ақ компанияның белсенді келісімшарттары мен ірі салық төлемдерін ескерді. Нәтижесінде «Қазақстан тұрғын үй компаниясының» талабы қанағаттандырылмады.
Елбасы дәуірінің жемісі ме?
BTS Digital компаниясының қазіргі құрылтайшысы — Phoenix Fund Limited Partnership қоры. Оны Ернұр Рысмағамбетов басқарады. Ол бұған дейін «Астана халықаралық қаржы орталығы» әкімшілігі акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болған. Физика, қаржы саласы бойынша білім алған әрі оқытушы болып жұмыс істеген. «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына енген тұлға.
2019 жылы жас маман ретінде еңбек жолын енді бастаған кезінде, Ернұр Рысмағамбетов Нұрсұлтан Назарбаевқа арнап ашық мадақ айтқан еді. Жатып алып мақтайтын, күн қайда тұрса соған бұрылатын күнбағыс секілді кезеңде Рысмағамбетовтің бұл әрекеті тіпті жағдай болатын.
Сол жылы ол Nur.kz басылымына берген сұхбатында «тұңғыш президент дәуірі жас буынның жадында несімен сақталды?» деген сұраққа жауап берген. Рысмағамбетов бұл кезеңді ел дамуындағы маңызды дәуір ретінде атап, Назарбаевтың отставкаға кеткенін естігенде, өзінің де, замандастарының да көңілі құлазығанын айтқан.
«Мен тұңғыш президентке жастар мен білімге басынан бастап ерекше назар аударғаны үшін ризамын. Оның еңбегінің бір көрінісі — грант пен несие жүйесі. Соның арқасында көптеген жас жоғары білім алу мүмкіндігіне ие болды. Бір кезде университетке түсу көпшілік үшін арман еді, оқу ақысы қолжетімсіз болатын. Ал қазір қазақстандықтар бакалавриатты тәмамдап қана қоймай, магистратурада оқып, екі-үш мамандық иесі атанып жүр. Бұл Нұрсұлтан Әбішұлының зор еңбегі. Егемендіктің алғашқы күндерінен-ақ білім беру мемлекет дамуының басым бағытына айналды. Қазақстан Болон декларациясына қосылды», — деген еді Ернұр Рысмағамбетов.

Ернұр Рысмағамбетовтің айтуынша, ол АҚШ-та Илон Маскпен бірге білім алған.
Фонд өз тарихын жақында бастаса да, бір жыл ішінде мемлекет қазынасына 63 миллион теңгеден астам салық аударған. Құрылтайшылары қатарында бірнеше ірі ұйым бар: «Қазақтелеком» ұлттық компаниясы, жеке компания Digital Opportunities I Limited, сондай-ақ шетелдік ERG Investments Projects B.V. — Еуразиялық топтың (ERG) инвестициялық бөлімі.
Ернұр Рысмағамбетов — «Educator Online» ЖШС-ның да құрылтайшыларының бірі. Компания 2011 жылы 21 маусымда Астанада тіркелген, шағын кәсіпкерлік санатына жатады және ресми түрде «білім саласындағы басқа қызметтермен» айналысады. Өткен жылдарда салық төлемдері аз болды: 2015 жылы — 265 958 теңге, 2016 жылы — 45 528 теңге, ал 2024 жылы қанша салық төлегені тіркелмеген. Филиалы жоқ. Компанияны Ғабит Бекахметов басқарады. Ол кәсіпкер және білім саласының сарапшысы. Ол кейде БАҚ-та білім мәселелері бойынша сөз қозғайды. Сондай-ақ бес жылға сотталған продюсер Ләззат Көккөзованың ісі бойынша да пікір айтқан.
2024 жылғы 19 тамызда Ғабит Бекахметов Maqsut Narikbayev University кеңесінің құрамына кірді. Университеттің сайтында оның Оксфорд пен Дьюк университеттерінің түлегі, бірнеше кітаптың авторы екені көрсетілген.
Kompra.kz деректері бойынша, оның банк шоттары мен мүлкіне тыйым салынған болынуы мүмкін.

Ғабит Бекахметовтің тағы бір кәсібі бар. Оны ол Айнұр Сейтқасымовамен бірге жүргізеді. Айнұр бұрын ВТБ Банкі (Қазақстан) Директорлар кеңесінің орынбасары болған. Айнұр — Айдар Сейтқасымовтың туысы болуы мүмкін. Айдар Сейтқасымов «Самұрық-Қазына» ҰҚ қорының бұрынғы басқарма төрағасы. Екеуі де белгілі қазақстандық академик Ғабдығaпар Сейтқасымовтың балалары болуы мүмкін.
Сонымен қатар «Educator Online» ЖШС-ның құрылтайшылары қатарында Абай Жарлығап, Қуанышбек Бөкеев және Ерден Құсаин бар. Бөкеев бұрын Бірінші несиелік бюроны басқарған, сондай-ақ Homebank және «Қазкоммерцбанк» департаментінде орынбасар болған.
Ерден Құсаин — заң магистрі, Мақсат Нәрікбаев атындағы университеттің жеке құқық кафедрасының аға оқытушысы. Бұрын Назарбаев университетінде инновациялар бойынша вице-президент қызметін атқарған. Orda.kz оны басқа тақырыптағы мақалада атап өткен.
Тағы бір Ернұр Рысмағамбетовтің компаниясы — ALPHABET LIMITED ЖШС. Ол 2023 жылдан бері білім саласында жұмыс істейді, мемлекетке салықтарын тұрақты түрде төлейді. Әзірге назар аударатындай деректер жоқ.
BTS Digital-дың Digital Opportunities I Limited атты құрылтайшысы да ондай танымал емес. Бұл компания 2023 жылы Астанада тіркелген. Оның BTS Digital-дегі үлесі ашық жарияланбайды. Ресми түрде холдинг құрылымы ретінде қарастырылады, осы аралықта бір рет атауын (Almak Checkdoc I Ltd. → Digital Opportunities I Limited) және құрылтайшылар мен басшыларын өзгертті. Алғашында басқарған — Расул Укенов, кейін басқару мен меншік Олжас Укеновке өтті.
Олжас Үкенов — Fonte Capital қаржы директоры және Дубайдағы Almak Capital қорының негізін қалаушы. Қазір Almak Capital қорын басқарады. Сонымен қатар ол ислами инвестициялармен айналыспайтын Kazwheat SPC Limited компаниясын басқарады. Almak Capital қоры негізінен жас қазақстандық стартаптарға инвестиция құяды. Тегі бір болған соң, Расул және Олжас Үкеновтердің ағайынды болуы бек мүмкін.
Автор: Артем Волков
Жаңалықтар
- Кескіндемеші Ғалым Маданов өмірден өтті
- Қостанайдағы Freedom Finance экс-директоры 70 млн теңге жымқырғаны үшін сотталды
- Құлсарыда 7 жастағы қызды зорлап өлтірген ер адам өмір бойына сотталды
- Цифрлық түрме ме? Aitu-дың басшысының BTS Digital ҰҚК-ға, «Елбасы» фан-клубына қандай қатысы бар?
- Тоқаевтың тапсырмасы бойынша дағдарысқа қарсы жаңа шаралар қабылданды
- «Мұғалімдер шықсын»: Алматы облысының әкімімен кездесуге келген жұрт орын таппай қалды
- Марқұм болған 19 жастағы футболшының ауруханаға жетпей клиникалық өлімді бастан кешкені белгілі болды
- Алматыда есту қабілеті нашар таксисті бейнеге түсірген блогер елден кешірім сұрады
- Зеленский тағы да Трамппен кездесу үшін Вашингтонға келді
- «Есірткі сатып, пара алған»: Түркістанда есірткіге қарсы басқарма басшысының орынбасары ұсталды
- Қаскелеңде 21 жастағы қызды өлтіріп кетті
- Трамп пен Путин Мажарстанда кездеседі
- 19 жастағы «Хан-Тәңірі» клубының шабуылшысы Диас Төлеу алаңда көз жұмды
- «Қазақ Робин Гуды» қажылыққа бармақ болғандар мен мұқтаждардың 33 млн теңгесін қолды қылды
- Қазақстан азаматын қырғызстандық «досы» тақырға отырғызып кетті
- Қарағандыда 15 жастағы қызбен неке қиған мұғалім 17 жылға бас бостандығынан айырылды
- Әскердегі кезекті өлім: Миы жаншылған сарбаз өз-өзін екінші рет қалай ата алды?
- ШҚО экология департаментінің экс-басшысы пара үшін 10 жылға сотталды
- «Өзіне қол жұмсамақшы болған»: Ақтөбеде полицейлер төрт баланың анасын өлімнен аман алып қалды
- «Offside» сериалы YouTube платформасынан өшірілді