БҰҰ Гүлнәр Кәрімованың қамауға алынуын заңсыз деп тапты

cover Фото: BBC

БҰҰ-ның еркінен тыс қамаулар жөніндегі жұмыс тобы Гүлнәр Кәрімованың қамауға алынуын заңсыз деп таныды, деп хабарлайды Orda.kz. 

БҰҰ Өзбекстан үкіметінен Гүлнәр Кәрімованың өтемақысын қамтамасыз етуді талап етті және Өзбекстанның экс-президентінің қызын ұстау адам құқықтары саласындағы негізгі халықаралық нормаларға қайшы келеді деген қорытындыға келді. 

БҰҰ-ның жариялаған құжатында Кәрімова үй қамауында ордерсіз, тиісті сот рәсімдерінсіз отырғаны айтылған.

Алайда Өзбекстан БҰҰ-ның пікірімен келіспейді. Үкімет оған қатысты қылмыстық істер нормаларға сәйкес қаралғанын мәлімдеді. 

Айта кетейік, қаңтарда Ислам Кәрімовтің қызы Гүлнәр Кәрімова басқа колонияға ауыстырылды

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар