Бұрынғы Хутор ауылының тұрғындары ел арасында тараған «бандиттік» туралы ақпаратты теріске шығарды

cover Фото: Бейнежазбадан кадр

Талғар ауданы, Рысқұлова ауылында 60-қа жуық жергілікті тұрғын мешітке жиналды. Олар халық арасында «бандитттік» белең алғанын жоққа шығарады, деп хабарлады Orda.kz.

Олар да мұндай өсек-аяң  ауылдарының беделіне нұқсан келтіретініне ашулы.

«Біз барлығының шындықты білгенін қалаймыз. Ауылымыз – қайырымды, еңбекқор жандар тұратын жер», – дейді халық.

Кездесу тыныш жағдайда өтті. Тілшіміздің хабарлауынша, тұрғындар үйлеріне тараған.

«Біздің ауыл қиын кезеңдерді бастан өткеруде. Қайтыс болған жасөспірімнің отбасына көңіл айтамыз. Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді. Өкінішке қарай, әр түрлі келеңсіздіктер орын алады. Десе де, біздің ауыл бауырмал. Су тасқынынан зардап шеккендерге ақша жинадық. Ал қаңтар оқиғасы кезінде талғарлықтар үнсіз қалғанда Рысқұловтың жігіттері Азат тұрғындарымен бірге қарақшылардың бізге келуіне жол бермеу үшін тәртіп сақтады. Ол кезде полиция қызметкерлері болған жоқ» , - дейді тұрғындар.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар