Бұл бастамасы ғана: Қазақстанда футболдан ұлттық құрама ойынына трансгендер төрелік жасайды

cover Фото: бен хакун/flash90

Израильдік арбитр Сапир Берман – халықаралық деңгейдегі матчқа төрелік ететін алғашқы трансгендер атанады. Сапир Берман наурыз айында әйелдер құрамалары арасындағы бірнеше ойынға төрелік етеді, деп хабарлайды Orda.kz.

30 жастағы Сапир Берман алдымен Солтүстік Ирландия мен Черногорияның жасөспірімдер арасындағы әйелдер құрамалары матчында төреші қызметін атқарады. Черногория – Қазақстан ұлттық құрамаларының кездесуінде де төрелік етеді.


«Арман орындалды – бұл бастамасы ғана. Футболдағы 14 жылдық тәжірибемнен кейін халықаралық деңгейде төрелік ету мәртебесіне ие болдым. Бұл – мен үшін үлкен абырой. Ең бастысы – сүйікті ісімді жалғастыру мүмкіндігіне ие болдым», – деді Берман Yetnews басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Сапир Берман 2021 жылы ота арқылы жынысын ауыстырған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар