БҚО-да жантүршігерлік жол апатынан 8 адам ажал құшты

cover Фото: Бейнеден кадр

Батыс Қазақстан облысында екі көлік соқтығысып, бірі жанып кетті, деп хабарлайды Orda.kz. 

Чапай-Жаңақала – Сайқын тас жолында Toyota Camry және Volkswagen Sharan көлігі соқтығысып, бірі өртеніп кетті. Қайғылы жол апатынан 8 адам оқиға орнында мерт болды. Апатқа ұшыраған 4 адам ауруханаға жеткізілді. 

Жергілікті полиция, жедел-тактикалық топ және Төтенше жағдайлар департаменті оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.

Айта кетейік, 23 қазанда таңертең республикалық маңызы бар «Самара – Шымкент» автожолының 927-шақырымында, Белқопа ауылының маңында болған жол апаты салдарынан 12 адам қаза тапты. 4 қараша күні № 1 Ақтөбе қалалық ауруханасында жатқан үш адамның екеуі емін аяқтап, үйлеріне жіберілген еді. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар