«Бір отбасының 3 адамы көз жұмды»: Қарағанды облысында пойыз жеңіл көлікті соғып кетті

cover Фото: ҚТЖ

Қарағанды облысының Шет ауданы Бұрма ауылындағы теміржол өткелінде қайғылы жағдай болды, деп хабарлайды Orda.kz.

 №75 жолаушылар пойызы Mazda көлігімен соқтығысқан. Апаттан көлік ішіндегі ер адам, оның жұбайы және 24 жастағы ұлы көз жұмды. ҚТЖ баспасөз қызметі ақпаратты растады.

Қайғылы жағдай кеше, 17 қыркүйек күні сағат 00.54 шамасында болған. Жолаушылар пойызы 92 шқ/сағ жылдамдықпен келе жатқанда, Mazda маркалы жеңіл автокөлік пойыз жолға шығып кеткен. Машинист пойызды шұғыл тежеуге тырысқанымен, апаттың алдын ала алмады. 

ҚТЖ қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Сонымен қатар, қазақстандықтарды теміржол өткелдерінде жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Айта кетейік, 23 маусымда сағат 19:10-да Ақсеңгір-Боралдай аралығындағы учаскеде пойыз машинисі екі адамды басып өтті. 


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар